Түркістан: Пікірсайыста жаңа тұлғалар танылды

Screenshot_4.jpg

Бүгін Түлкібас ауданы,  Т. Рысқұлов ауылындағы мәдениет үйінде "Nur Otan"  партиясының кадрлық резервіне іріктеу жобасы аясында үміткерлер арасында ашық пікірсайыс өтті.  Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылдың 21 тамызындағы «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық  қадам- партияның 7 серпіні" бағдарламасына  сәйкес, Түлкібас ауданында 28 қазан мен 4 қараша аралығында партиялық  кадрлық  резервіне іріктеу жұмыстары жүргізілгені белгілі.  Еліміз бойынша пилоттық жоба ретінде өткізіліп жатқан «Nur Otan» партиясының кадрлық резервіне іріктеу жұмыстары жоспарға орай кезең – кезең бойынша атқарылуда. Филиалға қарасты 23 бастауыш партия ұйымының мүшелерімен түсіндіру жұмыстары  жүргізіліп,  ашық  әділетті  түрде кандидаттарды тіркеу  4 қарашада аяқталды. Аумақтық партия филалына кадрлық резервті іріктеуге 100 үміткер құжаттарын  тапсырып,  тіркеуге  алынды.

Пилоттық жоба бойынша 5-15 қараша аралығында екінші кезеңдегі үгіт-насихат жұмыстары басталды. Қарашаның 8-12 аралығында 222 кездесу, дебат және іс-шара өткізіліп, 20 мыңнан астам адам қамтылды.

Бүгінгі жария пікірталас 3 кезеңнен тұрды. Пікірталастың І-ші кезеңінде қатысушылар өз бағдарламаларын таныстырса, екінші кезеңде қатысушылар  сайлау округінің өзекті мәселелерін шешу жолдары бойынша ойларын ортаға салды.

Үшінші кезеңде пікірталасқа қатысушылар бір-біріне сұрақ қойды.Саяси дебатқа тұрғындардың қызығушылығы жоғары болды.  Үмітерлер аудандағы өзекті мәселелерді қозғап, сайлауалды бағдарламаларын ұсына білді.Атап айтсақ, М.Байгаршаев, Ж.Қарабалаев, Г.Бердиева, Қ.Спабекова, К.Жартыбаев, Ж.Ақылбаева сынды үміткерлер дебатта білімділігімен көзге түсті.

Пікірталастар 15 қарашада мәреге жетеді.  Ал 16 қарашада аудандағы бастауыш партия ұйымының мүшелері үміткерлерге дауыс беріп, үздіктерді анықтайды. 

"Nur Otan"  партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз-қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер