Түркістан өңірінің барлық аймағында жаппай «халық заңгері» науқаны өтті

Screenshot_4.jpg

2019 жылдың 22 қарашасында Қазақстанның барлық қалаларында бір күнде және бір уақытта мемлекеттік және құқық қорғау органдарының мамандары мен білікті заңгерлердің қатысуымен «Халық заңгері» жалпы ұлттық науқаны өтті. 

Науқанды ұйымдастырушылар-zakon.kz интернет-басылымы, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Параграф ақпараттық жүйесі. Бұл науқанды жалпы ұлттық деңгейде өткізуді Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары да қолдады.

Науқанның басты мақсаты - кез келген құқықтық мәселелер бойынша халыққа білікті, тегін заң көмегін көрсету.

 Аталған акция барысында Түркістан өңірінен, яғни барлық қала/ауданның жалпы 16 мекен - жайында өткен науқанға 5000 - нан аса азаматтар келіп, тегін заң көмегін алды. 

Screenshot_3.jpg

Кеңес беру науқанында тұрғындар «Nur Otan» партиясы облыстық, қалалық, аудандық филиалдарының, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, танымал заңгерлер, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, әділет қызметкерлері, көші-қон полициясы мен жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімдерінің білікті де тәжірибелі мамандарынан құқықтық кеңестер алды.

Бүгінгі таңда, ауқымы мен географиялық көлемі жағынан «Халық заңгері» науқаны тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде де айрықша маңызға ие. 

Айта кетейік, «Халық заңгері» науқаны қарапайым халық үшін дәстүрлі және тиімді жобаға айналып үлгерді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер