Мехико қаласында «Заманауи Қазақстан. Елбасы көшбасшылығының сабақтары» атты баспасөз-конференциясы

Screenshot_1.jpg

Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Елшілігі жергілікті БАҚ-тар үшін «Мехико қаласында «Заманауи Қазақстан. Елбасы көшбасшылығының сабақтары» атты баспасөз-конференциясын өткізді. 

Ұлттық және аймақтық теледидар арналарының, радиостанциялардың, мерзімді басылымдардың, ҮЕҰ мен саяси топтардың өкілдері қатысқан баспасөз-конференциясы барысында ҚР-дың Төтенше және Өкілетті Елшісі Андриан Елемесов қатысушыларды еліміздің қалыптасу және заманауи тарихының негізгі кезеңдерімен таныстырды, сондай-ақ Қазақстандағы соңғы саяси және экономикалық өзгерістер туралы әңгімеледі. 

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы күні қарсаңында қатысушылар Қазақстан тұрақты және қауіпсіз мемлекет ретінде халықаралық беделге ие болған, сондай-ақ әлемнің ең дамыған 50 елінің қатарына енген қазіргі Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Н. Назарбаевтың ерекше рөлімен танысты.

Кездесу барысында Қазақстандағы ағымдағы саяси ахуалдың жай-күйін, сондай-ақ елдегі билік транзитін жүргізу ерекшеліктерін түсіндіруге ерекше назар аударылды. Журналистер ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Жолдауының негізгі ережелерімен және оның жүзеге асырылу барысымен танысты. 

Screenshot_2.jpg

Қазіргі тиімді мемлекет құруға, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамды әлеуметтік жаңғыртуға және өңірлерді дамытуға бағытталған Президенттің саясаты туралы ақпарат журналистердің ерекше қызығушылығына ие болды.

Қорытындылай келе, БАҚ-тар Мексикамен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша Қазақстанның ағымдағы жағдайы мен жоспарлары туралы толық ақпарат алды. 

Іс-шара барысында қонақтарға ақпараттық-имидждік бейнематериалдар көрсетілді, сондай-ақ қазақ және жергілікті тағамдары ұсынылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер