Әйелдер 2020 жылы зейнеткерлікке 59 жас 6 айда шығады

Screenshot_14.jpg

Әлеуметтік желілерде зейнетақыға байланысты таралған жалған ақпараттарға нүкте қойылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі. 

Бүгін зейнетақыға байланысты Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы А.Нүрсейітов баспасөз жиынын өткізді. Аталған басқама басшысы әлеуметтік желілерде Қазақстанда ерлер мен әйелдер үшін зейнеткерлікке шығу жасын төмендету туралы таралып жатқан ақпараттың жалған екендігін жеткізіп, зейнеткерлікке шығу жас мөлшерін баяндап берді. 

«Зейнетақы заңдарына сәйкес бүгінде ер-азамат зейнет жасына байланысты 63 жасында, ал әйелдер 2015 жылдағы енгізілген өзгерістерге байланысты 2018 жылдан бастап әр жыл сайын 6 ай қосылады. Биыл зейнеткерлікке шығып жатқан әйелдер 59 жасқа толып отыр. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап 59 жас 6 ай толып барып шығады. Талап осындай», - деді А.Нүрсейітов. 

Сондай-ақ, жиын барысында басқарма басшысы А.Нүрсейітов 2019 жылы 59 жасқа толып жатқан 1960 әйел жылдың соңына дейін зейнеткерлік жасына байланысты өтініштерді тапсыру керектігін жеткізді. 

Сонымен қатар, бес және де оданда көп балалары бар аналар 53 жасында зейнеткерлікке шығу құқығы толық сақталғандығы жайында айтылды. Еске сала кетейік, 2028 жылдан бастап еркектер және әйелдер 63 жасында зейнеткерлікке шығатын болады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер