Шымкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы жас ақындар мүшәйрасы өтті

Screenshot_3.jpg

«Асыл – тастан, ақыл жастан» демекші, тың идеялар, жақсы өзгерістер, оң  бастамалар жастардан басталады.  

Осы орайда, бүгін Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, Саз колледжінде жас ақындар арасында "Парасаттылық алаңы - 2019 (Әділдік, парасаттылық, сенім)" мүшәйрасы өтті. 

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен қала әкімдігі бірлесе ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты - жастардың бойына сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, отансүйгіштікті, парасаттылықты  кеңінен насихаттау болып табылады.

Screenshot_4.jpg

Сондай-ақ, парасаттылық, адалдық сияқты құндылықтарды насихаттау арқылы ақындар өскелең ұрпақ бойында патриоттықты,  адамгершілікті қалыптастыруға ерекше үлес қосады.

Іс-шараға 10-нан астам жас ақын қатысып, бірінен бірі озған қатысушылар қазылар алқасын және көрермендерді  дарындарымен тәнті етті. 

Мүшәйра қорытындысымен жеңімпаздар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Рамазан Бектұрғанов —Түркістан облыстық офтальмологиялық ауруханасының басшысы
  • Нұрлыбаев Түркістан облыстық фтизиопульмонологиялық орталығын басқарады
  • Түйе үстінде жамбы атудан қазақ қызы әлемдік рекорд орнатты
  • КазАТИУ им.С.Сейфуллина впервые вошел в международный предметный рейтинг
  • С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ алғаш рет халықаралық пәндік рейтингіне енді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер