Отандық дәрігерлер 5 айлық сәбиге диагноз қоя алмай отыр

Отандық дәрігерлер 5 айлық сәбиге диагноз қоя алмай отыр

                      

Қарағандылық Гүжазира Өнерхан баласын емдете алмай, шырылдап жүр. Шарасыз ана бас қаладағы дәрігерлерден көмек сұрап келгелі жарты жылға жуықтаған. 

Бұл туралы Astana Tv арнасы хабарлайды.

Гүлжазира баласы үшін отқа да, суға түсіп жүр. Бірақ нәтижесін көре алар емес. Сәбиіне араша болар дәрігер таппай бас қалаға келгеніне де жарты жылға жуықтаған. Бұған дейін екі нәрестеме қарағандылық дәрігерлер араша бола алмады дейді. Ендігі үміті елордадағы «Ана мен бала» орталығында. Бірақ онда қаралудың оңайға соқпай тұрғанын айтты.

Гүлжазира ӨНЕРХАН, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ана мен бала орталығынан постоянно врач шақыртамыз. Ол врачтар келіп отписка жасап, кетіп қалады. Баланың жағдайы тяжелый. Постоянно под капельницой болады. Капельница алмаса салмағы мен температурасы түсіп кетеді. 5 айлық бала қазір 3,4 кг ғана, хотя қазіргі уақытта 7-8 кг болуы керек ол.

Анысының айтуынша Жанботаның ішек жолдары дұрыс емес. Өйткені бала аузымен ішкен затын құсып тастайды деді. Оның азығы күретамырмен берілетін медициналық сұйықтықтар ғана. Қазір нөмірі бірінші балалар ауруханасында жатыр. Дәрігерлер нақты диагнозын айта алмайды.

Гүлжазира ӨНЕРХАН, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Енді бұл балада генетический заболевание деп тұр. Асқазанда тамақты сорып алатын клей жоқ дейді. Оны анықтау үшін Москваға жібердік, результатын күтіп отырмыз. Дәрігерлер әзірге тек болжам жасай аламыз,-деді.

Динат ҚОЖЫКЕНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ №1 КӨПСАЛАЛЫ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Баланың жағдайы тұрақты. Бірақ кейбір клиникалық көріністер әлі сақтаулы. Қазір семтаматикалық ем көрсетіп жатырмыз. Яғни дұрыс сіңбейтін қоректік заттарды сіңдіріп жатырмыз тамырішілік екпе арқылы. Пневманиялық белгі болып еді, оны емдеп шығардық.

Материал эфирге дайындалып жатқан кезде, Жанботаның анасы арнамызға телефон соқты. Ол науқас нәрестені бүгін республикалық «Ана мен бала» орталығына ауыстырғанын жеткізді. Аталған мекеме баланы барлық тексеруден қайта өткізбек. 
Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қыз алып қашқандардың жазасы қандай? ІІМ жауап берді
  • «Шағадағы» шатақ: Шөкеевтің өз шындығы бар
  • Вице-министр: Дәрігер қателікті әдейі жасамаса жазалауға болмайды
  • Министр: Оңтүстік өңірлерде су тапшылығы болуы мүмкін
  • Әр 11-ші қыз бейтаныс адаммен кездесуге барған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер