Апатқа ұшыраған ұшақ бортсерігінің әйелі мәлімдеме жасады

98873c8d1bbcc441c0f275b4b75de958_XL.jpg

BEK AIR компаниясына Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшағының бортсерігінің әйелі мәлімдеме жасады. Ол бұл туралы өзінің фейсбук парақшасында жазды.

«Қайырлы күн. Менің есімім – Шахноз. Мен Сахов Мұраттың әйелімін. Ол апатқа ұшыраған ұшақтың екінші бортсерігі болды. Ол жантүршігерлік апат кезінде адамдарды құтқарды. Өкінішке қарай, бұл туралы ешкім айтпады. Ол Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары келгенге дейін адамдарды құтқарды. Оның ұшақ ішінде болып, апат кезінде де жауапкершілігінен қашпай өзінің жұмысын соңына дейін істеуінің өзі құрметтеуге лайық. Бірақ, халық бұл туралы білмейді. Ол үш ұлы мен мен үшін батыр. Оның фотосын парақшаларыңызда жариялап, халыққа жеткізулеріңізді өтінемін» деп орыс тілінде жазды ол.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа заң: ҚМДБ бетті толық жабуға қатысты мәлімдеме жасады
  • Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
  • Қазақстаннан Қытайға 1500 киікті беру процесі қалай іске асады
  • Елімізде барлық пойызға бейнекамера орнатылмақ
  • Ауылдардағы интернет сапасын жақсарту: Халықаралық қайта құру банкінен қаржы тартылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер