Ербол Садыр: «Мемлекет бірінші кезекте балаларға және көп балалы отбасыларға көмектеседі»

Screenshot_3.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында Үкімет алдына атаулы әлеуметтік көмекті төлеу тәртібін оның ашықтығын, әділдігін және ең бастысы еңбекке ынталандыру мақсатында, сондай-ақ табысы төмен отбасылардағы балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік көмекті енгізу қажеттігі туралы тапсырма берген болатын. Аталған тапсырмаға сәйкес, өңірлерде қызу жұмыстар басталған.

Бүгін Шымкент қаласында Өңірлік-коммуникациялық орталықта қала әкімінің орынбасары Ербол Садыр баспасөз мәслихатын өткізіп, атаулы әлеуметтік көмекті беру жолдарын түсіндірді. Ербол Әбілхайырұлының айтуынша, мемлекет бірінші кезекте балаларға және көп балалы отбасыларға көмектеседі. Еңбекке қабілетті азаматтарды еңбекке ынталандыру, табысы аз азаматтардың табыстарын және мемлекеттік қолдау мөлшерін есепке алуға қатысты әділдік пен ашықтық қамтамасыз ету үшін заңға тиісті өзгерістер енгізілді.

- Ұсынылып отырған жаңа ұстанымдар:

- көпбалалы аналарды қолдауды;

- жаңғыртылған атаулы әлеуметтік көмек;

- кепілдендірілген әлеуметтік пакет.

Біріншісі. 

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда 4 немесе одан көп баласы бар көп балалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізілді, олардың табысына қарамастан  мемлекеттік жәрдемақы төленуде. Бұл көпбалалы аналардың беделін мойындап, аз қамтылған отбасы деген стереотиптен алынып тасталынады.

Көпбалалы отбасыларға берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақыны отбасы балаларының санына қарай, яғни:

- 4 балалы отбасыларға – 42500 теңгеден;

- 5 балалы отбасыларға – 53 125 теңгеден;

- 6 балалы отбасыларға – 63 750 теңгеден;

- 7 және одан да көп балалы отбасыларға – 74 375 теңгеден төлем жүргізілуде.

Екіншісі. Әлеуметтік әділеттікті қамтамасыз ету үшін АӘК нағыз мұқтаж, өмірлік қиын жағдайға тап болған және өз бетінше шығуға мүмкіндігі жоқ адамдарға ғана тағайындалуы тиіс.

Ол үшін:

- біріншіден, АӘК-тің тоқсан сайынғы тағайындау тәртібін қайтару және тиісінше шартты және шартсыз көмекті үш айға тағайындау.

- екіншіден, барлық отбасы мүшелеріне АӘК орта табысымен кедейлік шегі арасындағы айырмашылық көлемінде төленетін болады.

- үшіншіден, егер отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсынылған белсенді жұмыспен қамту шараларынан бас тартса, онда ол және оның отбасының барлық мүшелері АӘК алу құқығынан айырылатын болады.

Сондай-ақ, бала күтімімен айналысатын анаға, бала үш жасқа толғаннанкейін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу міндеті қойылады.

- төртіншіден, учаскелік комиссиялар жұмысы және жауапкершілігі күшейтіледі. Заң жобасында учаскелік комиссиялар үшін атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын анықтау тәртібі бекітіледі, сондай-ақ учаскелік комиссияның қорытындысы бойынша мұқтаж емес отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайтын болады.

АӘК-ке үміткер отбасылардың материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытынды жасау үшін мерзімді үш күннен жеті күнге дейін арттырылды.

Үшінші. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардағы балаларға заттай қолдауды қамтитын кепілдендірілген әлеуметтік пакет беріледі.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған тамақпен және гигиеналық құралдармен  қамтамасыз етіледі.

Ал, оқушы балалар үшін мектептерде тегін ыстық тамақты, күнделікті мектепке дейін және кері тегін жол жүруді, сондай-ақ мектеп формасы мен оқу құралдарын мемлекет есебінен берілетін болады, - деді қала әкімінің орынбасары. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер