Біржан НҰРЫМБЕТОВ: Жұмыс қолайсыз болса, біз кінәліміз

7e41ac2a-d070-47ee-8493-4fc13d3de6f9.jpg

Түркістан тұрғындары қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандарын жаппай жұмыстан босатуды сұрады. Бұл туралы олар қалалық мәдениет үйіне кездесуге келген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовке шағымданды. Жұмыспен қамту орталығындағылар жұртты көп әуре-сарсаңға салатын айтқан ананың сөзін растап, жиылған жұрт шулап қолдады. Бірақ, астанадан арнайы ат арылтып жеткен қонақ Түркістан облысына халыққа 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап АӘК көрсетудің жаңа тәсілдерін түсіндіруге келген болатын. 

– Ұсынылған жұмыстан бас тартсаңыздар, атаулы әлеуметтік көмек берілмейді. Сондықтан одан бас тартпаңыздар. Сіздерді ешкім мәжбүрлемейді. Ол жұмыс тұрғылықты жеріңізден алыс болса, сізге қолайсыз болса, онда біз кінәлі боламыз. Қолайлы жұмыс табылғанға дейін атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылмайды, – деп Біржан Нұрымбетов АЕК-інің қалай және кімдерге төленетінін егжей-тегжей түсіндірді. 

Министр Түркістан, Кентау қалаларындағы жұмыспен қамту орталықтарына барып, халықпен кездесіп, талап-тілектерін тыңдады. Сосын Кентауда «Еңбек» бағдарламасымен тігінші мамандығын оқып меңгерген Гүлмира Юлдашеваның отбасына барды. 505 мың теңге мемлекеттік грант алып, кәсібін ашқан әйел үйінде отырып-ақ құрақ көрпеге тапсырыстар қабылдауда.

– Жеті баламен екі бөлмелі пәтеріңізде отырып-ақ өз кәсібіңізді дөңгелеткен сізге алғысым шексіз. Бізді қабылдағаныңызға рақмет. Жұмысыңыз табысты болсын, – деп тілектестік білдірген министр Юлдашеваның ісін көпке үлгі етті.

 ...Бірақ, қалалық жұмыспен қамту орталығының мамандары жұмыстарынан босап қала ма, жоқ па? Ол жағын уақыт көрсетеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұхтар Шахановтың жары дүниеден өтті
  • Павлодарда жетім балаға бөлінген пәтерде аудан әкімінің орынбасары тұрып келген
  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер