Еліміздің бес аймағында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

1580163006_5e2bb7edf37e0683367094.jpeg

  Нұр-Сұлтан қаласы мен еліміздің төрт облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды. Нұр-Сұлтан қаласында түнде 29 қаңтарда қар, жаяу бұрқасын, солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысып, екпіні секундына 15-18 метр сақталады. 29 қаңтарда түнде және таңертең Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады. Ал, Түркістан облысының кей жерлерінде тұман сақталады.  29 қаңтар күні түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты қар күтілуде. Кей жерлерде бұрқасын, тұман күтіледі. Батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, түнде екпіні секундына 23-28 метр жетеді. Өскемен қаласында түнде 29 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Батыстан соғатын желдің екпіні түнде секундына 15-20 метр жетеді. Семей қаласында түнде 29 қаңтарда бұрқасын күтіледі. Батыстан соғатын желдің екпіні түнде секундына 15-20 метр жетеді. 29 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.




Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шарм-эш-Шейх әуежайындағы трагедияға қатысты соңғы деректер мәлім болды
  • Шерзат Полат ісі: Сот блогерлерге ескерту жасады
  • Қыз алып қашқандардың жазасы қандай? ІІМ жауап берді
  • «Шағадағы» шатақ: Шөкеевтің өз шындығы бар
  • Вице-министр: Дәрігер қателікті әдейі жасамаса жазалауға болмайды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер