Ермек Көшербаев Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды

5d13640057adc.jpg

 Ермек Көшербаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды. "Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Беделбайұлы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген Жарлықта.

 Мемлекет басшысының Өкімімен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды. Ермек Көшербаев Алматыда дүниеге келген. 1993 жылы КСРО СІМ Дипломатиялық академиясын, 1998 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "Тарих" мамандығы бойынша бітірген. Ермек Көшербаев бұған дейін мемлекеттік бірнеше қызметтерді атқарып келді. Қазақ КСР СІМ-де, Қазақстан Президенті Әкімшілігінде, ел Үкіметінде, Сыртқы істер министрлігінде, "Нұр Отан" ХДП-да, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-да әртүрлі лауазымдард атқарды, сондай-ақ "Ертіс "ӘКК"ҰК АҚ-да басшы болды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы болып та қызмет атқарды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
  • Қазақстаннан Қытайға 1500 киікті беру процесі қалай іске асады
  • Елімізде барлық пойызға бейнекамера орнатылмақ
  • Ауылдардағы интернет сапасын жақсарту: Халықаралық қайта құру банкінен қаржы тартылады
  • Президент заңға қол қойды: Жер, Орман, Кәсіпкерлік, Бюджет, Су кодекстеріне өзгеріс енгізіледі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер