Коронавирус инвесторларға да әсер етуде

94a17b32720e835ec9f9ff71445f2426.jpg

Қытайдың қор нарығындағы баға құлдырады. Аспан асты еліндегі компаниялардың акциялары құлдырап кетті. Shanghai Composite 9%-ға төмендеді. Шэньчжэньдегі компоненттер индексі де бірден 9%-ға құлады. Көрсеткіштер, кем дегенде, 7%-ға төмендеді. Шанхай мен Шэньчжэндегі қор биржалары 24 қаңтардан бастап қытайдың Жаңа жылын тойлау кезінде жабылған болатын. Осы кезде жария етілген мәліметке сәйкес 14 300 адам инфекция ауру жұқтырды, олардың көпшілігі Қытайда тұрады. Биржа ашылар кезде Қытай тұрақтылықты сақтап қалу үшін нарығына миллиардтаған ақша құятынын жеткізді. Жексенбі күні Қытай Ұлттық банкі банктердің несие беруге қабілеттілігін нығайту үшін қысқамерзімді облигацияны сатып алу қағидатын пайдаланып, қытай нарығына 1,2 триллион юань (173 миллиард доллар) бағыттайтын жеткізді. Бұл шара банк жүйесіндегі «жоғары өтімділікті» және валюта нарығының тұрақтылығын бақылауға көмектеседі. Нарыққа бағытталған өтімділіктің нақты мөлшері одан төменірек болады. Reuters дүйсенбі күні Орталық банк мәліметтерін негізге алып, басқа қысқамерзімді облигациялық келісімдерді өтеу мерзімі 1 триллион юаньнан асатынын айтты. Бұл ақша айналымының таза сомасы 150 млрд юаньға (22 млрд доллар) төмендегенін көрсетеді. Орталық банк басшысының орынбасары Пан Гуншен, жағдайды тұрақты ұстап тұруға қандай шаралар қажет екендігін анықтау үшін Орталық банк қаржы мекемелері және нарықтармен байланыста болатынын жеткізді. Қытайдың қаржы реттеушісі қаржылық тұрақтылықты сақтап қалу мен экономикаға көмек көрсету үшін басқа да он шақты шараны атап өтті. Реттеуші қаржылық қызметтерді жеке тұлғалар мен компанияларға көбірек ұсынатынын мәлімдеді. Азияның басқа елдеріндегі биржалар дүйсенбі күні баға құлдырауымен ашылды. Жапониялық Nikkei 225 (N225) 1,5%-ға құлады. Айта кетерлігі, елде коронавирус жұқтырған 20 адам тіркелген. Оңтүстіккореялық Kospi 1,6%-ға төмендеді. Бұл елде жаңа коронавирус жұқтырғандар саны 15-ке жетті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер