ШҚО-да ЖРВИ-мен ауыратындар көбейді

Шығыс Қазақстан облысында ЖРВИ-мен ауыратындар саны артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасаған RGMEDIA.KZ.

Шығыс Қазақстанда ЖРВИ-мен ауыратындар саны артқан

2020 жылдың қаңтар айында өңір бойынша жедел респираторлық-вирус инфекциясына шалдыққандар біршама көбейген. Бұл жайлы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Владимир Ли мәлімдеді. 

«Облыста қаңтардың екінші онкүндігіндегі жағдай бойынша ЖРВИ-мен ауыратындар саны – 7 106 адам. Оның ішінде Өскемен қаласында – 1 433 факті тіркелді. Бұл көрсеткіш былтырғы кезеңмен салыстырғанда 23 пайызға көп», - дейді Владимир Ли. 

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласындағы 5 мектепте ЖРВИ-дің өршуіне байланысты карантин жарияланғандығы хабарланған болатын.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
  • Послы перемен: молодёжь Шымкента выступила за Закон и Порядок
  • В Шымкенте прошли учения по гражданской защите «Қыс-2025»
  • Шымкентте «Қыс-2025» қалалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті
  • Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысына қатысты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер