Премьер-министрдің бірінші орынбасары өтірік айта ма, Ибрагимов па?

Ролан жолбаскармасы.jpg

26-ақ миллион теңге игерілмей қалды. Кеше Түркістан қаласында өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жылдың қорытынды есебін берген Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов осылай деді.

Ол былтыр облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен 29 қарашада республикалық бюджетті игерілуі талқыланған жиыннан хабарсыз сияқты. Соның алдында ғана Үкімет деңгейінде игерілмеген қаржылар жайы талқылаған жиында Премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың бюджетті игермеген басшыларды жауапқа тарту керек деген ұсынысын тіпті естімегендей. Аң-таң. Бірінші рет естіп тұрғандай сыңай танытып, өзіне шаң жуытқан жоқ.

– Біздің басқармаға 51 млрд теңге бөлінген болса, соның 96,6 пайызы толығымен игерілген. Ол мүмкін қаланың бюджетінің есебінен шығар? Облыс бюджетінің трансферттерінің бәрін игердік. Бізде тек 26-ақ миллион игерілмеген, – дейді Ролан Ибрагимов.

Анау-мынау шенеунік емес, Үкімет басшысының бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың ауызымен айтылған Түркістан облысына тиесілі 3,4 миллиард теңгенің игерілмей қалуы өңір басшысын әбден ашуландырғанын Түркістан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан болатын. Сол жиналыста аудан, қала әкімдері мен басқарма басшылары Шөкеевтің сынына ұшыраған еді. Өмірзақ Естайұлы қаржының игерілмеуін тиісті бақылаудың жоқтығынан көрген. Яғни, шенеуніктер өздеріне сенім артып жүктелген мемлекет жауапкершілігін тиісті деңгейде және мерзімінде дұрыс атқара алмаған.

Осы жиындардың соңын ала «Рейтинг» газеті облыстық Қаржы және активтер басқармасына хат жолдап, 3,4 миллиард теңгенің игерілмеуі қай әкімдік пен басқармаға тиесілі екенін сұратқан болатын. Желтоқсан айында қолымызға тиген хатта атап көрсетілгендей, 3,4 миллиардтың ең көп бөлігі Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының үлесінде – 868 миллион теңге! Бұл ресми мәлімет, Қаржы және активтер басқармасының басшысы Әбдірахман Тасыбаев қол қойып растаған. Сонда осынша қаржының 842 миллионын Ролан Ибрагимов жетекшілік ететін басқарма өте қысқа мерзімде игеріп тастаған ба? Әлде Өмірзақ Шөкеев білмей, бекер ашуланды ма? Смайыловтың сыны ше? Сонда кімдікі өтірік, кімдікі шын?    


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер