Құрманбекова Гүлжан Мамытқызы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
Гүлжан Құрманбекова 19ұ65 жылы 25 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында дүниеге келген. 1987 жылы Алматы халық шаруашылық институтын бітірді.
Еңбек жолын Шәуілдір жолаушылар автокөлігі мекемесінің кассирі болып бастаған.
1987- 1992 жылдары Қызылқұм аудандық қаржы бөлімінің кіріс есебінің инспекторы, тексеруші –инспекторы, аға экономисті қызметтерін атқарған.
1992-2004 жылдары-ОҚО қалалық қаржы бөлімінің аға тексеруші-инспекторы, бас экономист, бас маман-бас экономисті.
2004 - 2005 жылдары -ОҚО білім департаментінің бас маманы, Шымкент қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2007 -2010 жылдары -Шымкент қаласының қаржы бөлімінің бастығы.
2010 - 2012 жылдары -Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімінің бастығы, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін де Гүлжан Құрманбекованың ұзақ жылдары Шымкент қаласы әкімінің бюджет жөніндегі орынбасары қызметін атқарғаны белгілі. Былтыр шілдеде қалаға Ерлан Айтаханов әкім болып келген соң Г.Құрманбекова қызметінен кетті. Содан бергі аралықта оның немен айналысқаны белгісіз.
Қалаға келген жаңа басшылық бұрынғы әкім мен оның командасының көптеген кемшіліктерін әшкереледі. Әкім орынбасары Ербол Садыр баспасөз мәслихатында өз алдына отау тіккен Шымкенттің бюджетін жоспарлауда елеулі кемшіліктердің жіберілгенін, соның салдарынан қалада жаңадан құрылған басқармалардың қаржыландырылмай қалғанын мәлім еткен еді. Былтыр жыл соңында Есеп комитеті де Шымкентте бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалануда жүйелі кемшіліктердің орын алғанын жариялады. Мегаполисте мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша жалпы сомасы 2 985 миллион теңгеге қаржылық бұзушылық анықталған, тиімсіз жоспарлау 10 028,6 миллион теңгені құраған. 13 054,7 миллион теңге қаражат тиімсіз пайдаланылған. Рәсімдік бұзушылықтың 539 фактісі анықталған.
"Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл", "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерейтойлық медальдарымен, "Ерен еңбегі үшін"медалімен марапатталған.