«Әулие валентин» күнін тойлауға бола ма?

Соңғы жылдары елімізде 14 ақпанды басыбайлы «Әулие Валентин күнін» тойламау туралы мәселе көтеріліп жүр. Әсіресе, студенттер мерекені қалай атап өтуді жоспарлап, алдын ала сүйіктілеріне сыйлық алады. Бұл уақытта қала дүкендері мен  базардағы сатушылардың  айы оңынан туып, сауда қыза түседі.

Әулие Валентин.jpg

«Әулие Валентин күні» жақындағанда базар сөрелерінде түрлі-түсті қағаздан жасалған жүрекшелер мен ленталар, қос ғашықтың суреті бейнеленген қызылды-жасылды бұйымдар көздің жауын алып, жайнап тұрады. Бағалары да әр түрлі. Мәселен, ең кішкентай ашық хаттардың «валентикалардың» құны елу  теңгеден басталып 500 теңге болады. Орталық базар сатушысының бірімен тілдескенімізде, мұндай бұйымдар негізінен көрші елдерден әкелінетінін, студенттер мен оқушылары тарапынан сұраныстың жоғары екенін айтады:

 Мәселен, көрші Ресейде халықтың 80 пайызы осы күнді атаусыз қалдырмайды және оның 64 пайызы сыйлық алады екен. Бұл орайда біз де «Әулие Валентинге» табынушылардың ресейліктерден кем түспей отырғанымыз хақ.

Әулие Валентин кім болған?

Әулие Валентинге қатысты бірқатар аңыз бар. Солардың бірінде, христиан діні алғаш тараған жылдарда Валентин есімді католик шіркеуінің қызметкері болғаны туралы айтылады. Ол Рим императоры Клавдий II тұсында өмір сүрген. Сол уақытта жас жігіттер әскерге бармау үшін ерте үйленетін болыпты. Бұндай қулықтың алдын алу үшін Клавдий II олардың әскерге бармай тұрып үйленуіне тыйым салады. Ал, Валентин пірадар болса, оларды құпия түрде некелестіріп отырған. Алайда, оның әрекеті әшкереленіп, 14 ақпан күні басы шабылады. Кейінірек, 469 жылы Римнің Геласиус деген императоры 14 ақпанды «Әулие Валентин күні» деп жариялаған екен.

Тағы бір аңызда Валентиннің дін қызметкері екені, христиандарға көмектескені үшін түрмеге қамалғаны, оның түрме қызметкеріне ғашық болғаны, осы ісі әшкере болып басының кесілгені жөнінде айтылса, енді бірінде Валентин шіркеу қызметшісі болғандықтан қызға сезімін білдіре алмай, оған жүрек тәрізді хаттар жолдайтыны баяндалған. Кейін оның ісі әшкерленіп, жазаға тартылады. «Әулие Валентин күнін» Батыс Еуропа елдері ХІІІ ғасырдан бастаса, АҚШ 1777 жылдан бастап мерекелеуде, Ресейде бұл мереке тоқсаныншы жылдардан бастап, біздің елімізде де «Әулие Валентин күнін» атап өту дәстүрге айналды. Алайда аталған мерекенің шығу тарихынан жастарымыздың көпшілігі бейхабар. Тіпті, католик шіркеуінің қызметшісінің атымен аталып кеткен бұл күнді қазір дәл сол шіркеу мойындамайтын көрінеді.

Жастар және «Валентин»

Әу баста әлемде «Әулие Валентин күні» мерекесінде жастар жиналып тойлаған. Мереке күні қыздар есімдері жазылған қағазды қораптың ішіне тастайды. Ал жігіттер қораптан бір қағазды таңдайды. Онда кімнің есімі жазылса, мереке күні сол серігіне айналатын көрінеді. Ал қазіргі таңда мерекенің рәсімі сәл өзгеріп, қорапшаға қыз да, жігіт те өзіне ұнаған адамға ғашықтық сезімін білдіріп хат жазады. Осыған қарап, кім кімге ұнағанын біледі.  Кейбір жоғары оқу орындарында бұл рәсім әлі де бар.

Хақ ислам шариғаты бойынша басқа дін өкілдерінің мерекелерін тойлауға қатаң тыйым салынған. Яғни, біздің дінімізде некесіз “ғашықтардың” болуына жол жоқ. Дін қызметшінің өліміне (Әулие Валентин) қатысты аталып өтетін бұл күн Христиан дінінің мерекесі болып бекітілді. «әл-Фатауа әл-Хиндия» кітабындаайтылады: «Мұсылмандардың мұсылман емес қауымның мерекелерін тойлаулары, оған қатысулары, олардың мерекелерін қабылдаулары олардың күпірліктеріне қолдау көрсетуден басқа ештеңе емес».

Ал олардың тойларын бізге тойлап өту одан да қауіптірек болады.

Алла елшісі (ﷺ):«Кім қай қауымға ұқсағысы келсе қияметте солармен бірге болады» деген.

Бір сөзбен айтқанда, ислам дініміз жалған мерекеге үзілді-кесілді қарсы!

Махаббат күніне қатысты қызметтер де харам

Сондай-ақ, мұсылман адамға махаббат күнін тойлауға көмектесуге болмайды: тамақтарын пісіріп беру, саудалар жасау, бір нәрсе жасап беру, сыйлықтар сыйлауға, ашық хаттар жолдау (открытка), хабарландырулар жасау. Жоғарыдағы пәтуаның жалғасында айтылады:

«Әр уақытта, әсіресе осы күні Аллаһтың кітабы Құранды және Пайғамбарымыздың ﷺ Сүннетін бекем ұстануымыз қажет. Аллаһтың ашуына ұшыраған, бұзылған яһудийлердің және Аллаһтың Құдіретімен Ұлықтығынан қорықпайтын, Исламды мақтан тұтпайтын адасқан христиандардың айласына түсіп қалмау үшін мұсылмандарға өте ақылды және парасатты болулары қажет».

Мәселен, сіз Құрбан айтты да, православтардың Рождествосын да тойлап жүрсеңіз, онда кім болғаныңыз? Мұсылмансыз ба, әлде христиансыз ба? Сондықтан, өзін «мұсылманмын» деген жан тек ислами ғана мейрамдарды тойлауы керек. Валентинсіз қазақтың махаббаты сөніп қалмайды. Бұл тек ақшаның соры, он екіде бір гүлі ашылмаған бүлдіршіндердің арасында зинақорлық зала-лының туындауына себепші, «махаббат, махаббат» деп текке бас айналдыру ғана.  Мүмкін, ішкі есебі барлар өзге діннің жастарын өздеріне тарту үшін діни мерекені махаббат сезімімен араластырып, осылай әдейі жасаған да болар. Бұл болжам шындық ауылына тым жақын жатыр, өйткені нәтиже жоқ емес...се де, бұл күнді жастар атаусыз қалдырмайды. 

Сайып келгенде мұның барлығы асыл дініміздің қағидаларымен, ата-бабамыздың сан ғасырлар бойы насихаттап келген моральдық құндылықтарымен сәйкес келмейді. Мұсылман адам махаббат сезімін біреуге білдіру ісіне селқос қарамауы керек. Ол өзінің жүректен жарып шығатын ыстық сезімін отбасын құруға және өзінің адал жарына сақтауы тиіс. Ислам дінінің шариғатында тәлім-тәрбиеден ада «мерекелерді» атап өтуге жол жоқ. Алла Елшісі Мұхаммедтің (с.ғ.с) «Кім қай халыққа ұқсағысы келсе, ол солардың бірі» деген хадисі мұсылман бауырларымызды ойландыруы керек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер