Алматыда 50-ден астам көлікті ағаш басып қалды

200218164801691e.jpg

Кеше Алматы қаласында қалың қардың салдарынан 200-ге жуық бұтақ пен ағаш құлады. Салдарынан 50-ден астамы жеке көлікке зақым келтірген, деп хабарлайды RGMEGIA.KZ ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Қалалық құтқару қызметінің хабарлауынша, «109» қызметінің құтқарушылары мен аудандық әкімдік қызметкерлері құлаған ағаштарды тазалау үшін аталған жерлерге барады. 

«Көптеген жағдайда құтқарушылар құлаған ағашты алыптастау үшін үшін арнайы құралды, гидравликалық жүк көтергіш кранды қолданды. «109» қызметіне келіп түскен қоңыраулар тез арада өз шешімін тапты»,- деп хабарлайды құтқару қызметі. 

Сонымен қатар, құтқару қызметі тұрғындарды қалың қар немесе нөсер жаңбыр кезінде жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. 

«Коммуналдық және қалалық қызметтер қабылдаған шұғыл шараларға қарамастан, мегаполистің кейбір аудандарында ағаштардың құлауы мүмкін. Жарақат мен ауыр зардаптардың алдын алу үшін, ағаштар мен көпқабатты үйлердің қасында жүрмеуге кеңес береміз. Сондай-ақ, көліктеріңізді қар басып қалған ағаштың түбіне қоймаңыз»,- деп толықтырды қалалық құтқару қызметі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шарм-эш-Шейх әуежайындағы трагедияға қатысты соңғы деректер мәлім болды
  • Шерзат Полат ісі: Сот блогерлерге ескерту жасады
  • Қыз алып қашқандардың жазасы қандай? ІІМ жауап берді
  • «Шағадағы» шатақ: Шөкеевтің өз шындығы бар
  • Вице-министр: Дәрігер қателікті әдейі жасамаса жазалауға болмайды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер