Мамин Қазақстанға коронавирус қаупі жоғары елдерден адам кіргізбеуді тапсырды

200302102758168a3620420i.jpg

Қазақстан коронавирус қаупі жоғары бірінші санаттағы елдердің тізімін кеңейтті. Осыған байланысты Премьер-Министр Асқар Мамин коронавирус инфекциясы жылдам тарап жатқан елдерге тұрақты авиарейстерді шектеп, бұл мемлекеттерден еңбек мигранттарын қабылдамауды тапсырды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі. 

– Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі коронавирус жылдам тарап жатқан елдерге тұрақты рейстерді шектесін. Сонымен қатар еліміздің фармацевтикалық кәсіпорындарында медициналық маскалар мен тағы қосымша құралдарды шығаруды ұлғайтуды қамтамасыз етсін. Әкімдіктер мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шетелден жұмыс күшін тарту үшін коронавирустың анықталу деңгейі қолайсыз елдердің азаматтарына рұқсат беруді тоқтата тұрсын. Сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын күшейту бойынша халықпен сапалы ақпараттық жұмыс жүргізсін, – деді Асқар Мамин.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, Қазақстан коронавирус қаупі жоғары бірінші санаттағы елдердің тізімін кеңейтті. 1 наурыздан бастап олардың қатарына Қытай Халық Республикасы, соның ішінде Гонконг, Тайвань, Макао және Иран, Оңтүстік Корея, Жапония, Италия жатады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
  • Астанада LRT желісінің жартысына жуығы дайын болды
  • Министр: Аналық киіктерді атуға рұқсат берілуі мүмкін
  • Шерзат ісі: Соттың үкімі 5 маусым күні шығады
  • Ақтауда тегін балмаұздақ таратқан кәсіпкер жазаланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер