Қала әкімі М.Әйтеновтың азаматтарды жеке қабылдауы тоқтатылады

Screenshot_3.jpg

Шымкент қаласы әкімі аппараты бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» №285 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының барлық аумағында 16.03.2020 ж. сағат 08:00-ден 15.04.2020 ж. сағат 07:00-ге дейінгі уақытқа төтенше жағдай енгізілгенін хабарлайды. Төтенше жағдайдың кезеңінде санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, барлық адамдар көп жиналатын объектілердің және іс-шаралардың қызметіне уақытша шектеулер қойылған.

Осыған орай, қала әкімі М.Әйтеновпен және қала әкімінің орынбасарлары  азаматтарды жеке қабылдауы да тоқтатылады. Сонымен қатар, өтініштер мен хаттарыңызды электронды түрде  электрондық Үкімет «E-gov» арқылы және қала әкімдігінің ресми сайтында «Shymkent.gov.kz» орналасқан виртуалды қабылдау арқылы, «Қазпошта», қала әкімдігінің  Facebook, Instagram әлеуметтік желілері арқылы, сондай-ақ, (+77477201717) Whattsap мессенджері арқылы жолдауыңызға болатынын назарларыңызға жеткіземіз.

Анықтама телефондары: (87252) 24-72-28 қала әкімінің Баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таза ауыл – таза болашақтың кепілі
  • Балдыбірек каналының арнасы тазаланды
  • МАҚТААРАЛДА МАҚТА ЕГУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
  • Мақта дақылын егу жұмыстары басталды
  • "Құлмұрат Ата" өндірістік кооперативінде маңызды кездесу өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер