Жамалбек Шәріпбеков: Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Screenshot_12.jpg

Жамалбек Шәріпбеков, Облыстық мәслихат депутаты, Түркістан облысының азаматтық альянсы Төрағасы: 

Адамзат- жер бетіндегі саналы түрде ойлай алатын жалғыз тіршілік иесі. Сондықтан сынаққа да көп ұшырайтыны белгілі. Бүгінгі таңдағы ауыр індеттің таралып, біздің елімізге де келгені жанымызға батып отыр. Елбасымыз қиын сәтте халыққа қолдау білдіруге кәсіпкерлерді шақырды. Бұл үндеуге біз бірауыздан келісіп, қуана қабыл алдық. Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша кәсіпкерлер біріге отырып, Елбасы мен халық артқан сенім үдесінен шығуға тырысып жүр. Сақтану шаралары мен алдын алуға бағытталған жоспарларға арнай ортақ шот ашылып, қаржы жиналуда. 

Уақытша қиындық кезеңде бір-бірімізге сүйеу бола алғанымыз жүрегімізге жылылық ұялатады. Қарапайым халыққа мемлекет тарапынан берілетін көмектен бөлек кәсіпкерлердің жәрдемі арқылы қиын сәттерді еңсереміз деп ойлаймын.

Бүгінде аты жаман аурудан сақтану үшін белгіленген тәртіпті сақтасақ болғаны. "Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды" деген Бауыржан Момышұлының сөзі бүгінде баршамызды төл ұранымызға айналуға тиіс.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер