Бекжігіт Сердәлі, профессор, композитор
Біздің қазақ қаншама нәубетті басынан өткерді. Соның барлығында табандылық танытып, жеңіп шыққан қайсар халық ретінде тарихта қалды. Бүгінгі басқа түскен қиындықта ел болып еңсеретін, жұдырықтай жұмыла әрекет етуді қажет ететін уақытша дүрбелең.
Елбасының ағалық ақылын айтып, қиын тұста қазаққа рухани демеу бергені, бірлесе әрекет етсек әбігерден арылатынымзды айтқаны-көрегенділік. Әсіресе, қалтасы қалың ел азаматтарының, шамасы келсе әрбіріміздің осы қиындықпен күресуге көмек көрсету керектігін айтқаны-аға буын ретінде елді бірлікке шақырғаны деп түйсіндім.
Түркістанның барлық кәсіпкерлері мен түрлі сала майталмандары бұл ұсынысты бірауыздан қолдап, "Түркістан" қорына қаижылай көмектерін аударуда. Бір күн ішінде бірнеше миллиондаған қаржылар салып, бір күндік заңды жалақыларын аудару жайлы шешімге келу - нағыз азаматтық іс. Түркістанның нар тұлғалы азаматтары осы игі істің басында жүр. Осындай бірлігі бекем, тірлігі түзу елдің басында қиындық көп тұрақтамайды. Біз осы қасиетімізбен бұл күнді де көп ұзамай артқа қалдырамыз.