БІЗ БІРГЕМІЗ!

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздегі қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты: «Қалаларымыздың негізгі көшелерінде маскалар азаматтарға тегін таратылуы тиіс» деп айтқан  болатын.  

ebf312e0-3d59-4f7d-b4c7-b32e01e41922.jpg

Осы ұсынысты  қолдайтын компаниялардың бірі «Mega Pharma»  ЖШС-нің демеушілігімен Шымкент қаласының жалынды жастары #БізБіргеміз акциясы аясында коронавируске қарсы күресу және қорғану бағытында қала тұрғындарына 20000-ға жуық тегін медициналық бетперделер (маска) үлестірді. 

Акцияға «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық бірлестігі жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің мүшелері, Әл-Фараби ауданы әкімдігінің және Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, ерікті жастар қатысты. Іс-шара барысында жастар қаламыздың адамдар көп шоғырланатын жерлерде, автотұрақтарда, қоғамдық көліктерде, саябақтарда, сондай-ақ, полиция бөлімшелерінде маскілер таратты. 

46b55968-f887-49cb-be2e-b95c45d49e03.jpg

Өз кезегінде, «Келешек» жастар кеңесінің мүшелері мұнымен тоқтап қалмай, «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық бірлестігінің» қызметкерлерін және орталыққа келушілерді маскімен толық қамтамасыз етіп, келушілерге қауіпті індеттен қорғану жөнінде ақпарат беріп, сақтану жолдарын түсіндірді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер