Қаулы Постановление
27.03.2020ж №6
Шымкент қаласы
тұрғындарының қауіпсіздігін
қамтамасыз ету жөніндегі
шаралар туралы
Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылдың 15 наурыздағы «ҚР төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-1-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласы Абай ауданының «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабында коронавирустық инфекцияның 2 жағдайының тіркелуіне байланысты және тұрғындар арасында инфекцияның кеңінен таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Шымкент қаласының әкіміне 2020 жылғы 28 наурыздың 00:00 сағаттан бастап:
1.1. Жергілікті тұрғындарының денсаулығына бақылау үшін үйме үй аралау жұмыстарын ұйымдастырып, Шымкент қаласы Абай ауданының «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабының аумағына 14 күндік карантин жариялансын.
1.2. 2020 жылдың 15 сәуір сағат 07-00-ге дейін жұмыстары тоқтатылсын:
- Үкіметтік және Шымкент әкімдігімен келісілген рейстерді қоспағанда Шымкент қаласының әуе жайында барлық рейстер;
- Шымкент қаласының теміржол вокзалында барлық теміржол байланыстары;
- Шымкент қаласының автовокзал мен автостанцияларында қалааралық жолаушылар тасымалы;
- барлық мемлекеттік және жеке меншік балабақшалардың жұмысы;
- ірі сауда орталықтарының (азық-түлік дүкендері мен оларда орналасқан дәріханалардан басқа), саябақтар, жануарлар саябағы (зоопарк), монша кешендері (жеке кабиналармен бірге), сауналар мен массаж бөлмелері, бильярд бөлмелері, компьютер бөлмелері, интернет-клубтар, ойын бөлмелері, боулинг орталықтары, букмекерлер, лото, спорттық кешендер (үйірмелер, секциялар), футбол алаңдары, балалардың даму орталықтары және басқа да халық көп шоғырланған нысандардың жұмысы;
- автокөлік, киім-кешек, мал базарлары;
- тойханалар, той салондары, мерекелік залдар, банкет залдарының жұмысы;
- тамақ өнімдерінің жәрмеңкелерінің жұмысы;
- ұялы телефондарды сататын және жөндейтін дүкендердің жұмысы.
1.3. Санитариялық және дезинфекция шараларын күшейте отырып, жұмыс істеуге шектеу қойылсын:
- сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін супермаркеттер мен азық-түлік базарлары;
- сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін азық-түлік дүкендері;
- сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін қызмет көрсету саласындағы объектілер (сұлулық салондар, киім тігетін орындар, химиялық тазартқыштар, автомобиль майларын ауыстыру бойынша қызмет көрсету орындары, вулканизация, көлік жуу, қызмет көрсету орталықтары) және ломбардтар;
- сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін автокөлік сататын дүкендер, тұрмыстық техника сататын дүкендер, сантехника сататын дүкендер, құрылыс базарлары және басқа да азық-түлік емес тауарлар сататын дүкендер.
1.4. Қоғамдық тамақтану орындары (кафелер, мейрамханалар, барлар, асханалар және т.б.):
1) жұмыс уақыты 18.00-ге дейін шектетілсін (сағат 18:00-ден 22:00-ге дейін - үйге дейін жеткізу/тамақты өзімен алып кету);
2) келушілер саны бір уақытта 50 адамнан аспауы қажет;
3) персонал жұмыс кезінде бір рет қолданылатын қолғап пен масканы қолдануды қамтамасыз етілсін (масканы 3 сағатта кемінде 1 рет ауыстыру);
4) кіре берісте қолды залалсыздандыру үшін санитайзерлер орнатылсын, санитайзерлер көп функционалды антисептикалық затты қолданылсын немесе бір рет қолданылатын қолғаптармен қамтамасыз етілсін;
5) күшейтілген дезинфекциялау залалсыздандыру режимі енгізілсін: әр сағат сайын үстелдерді, орындықтарды, эскалатор тұтқаларын, баспалдақтар мен есіктерді, лифтілерді және әр үш сағат сайын едендерді жуу үшін арнайы дезинфекциялық құралдар қолданылсын;
6) асханаға келушілердің өзіне-өзі қызмет көрсетуіне тыйым салынсын;
7) жедел респираторлық инфекциялар (дене қызуының көтерілуі, жөтел) көріністері бар қызметкерлерді жұмыс істеуге жол берілмесін;
8) жұмыстың соңында (немесе кем дегенде 6 сағаттан кейін) дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып дезинфекциялық ерітінділермен есік тұтқаларын, үстелдерін, орындықтардың артқы жақтары, асханаға (асхана) кіре берісте қолды жууға арналған раковиналар, витриндер сүртілсін, бөлмелер желдетілсін және тазалансын;
9) халыққа қызмет көрсету барысында сауда және қоғамдық тамақтандыру объектілерінде ауысымына кемінде екі рет және тұтастығы бұзылған жағдайда ауыстыруға жататын бір реттік қолғаптар қолданылсын (сатушылар, аспаздар, даяшылар, кассирлер және тамақ өнімдерімен тікелей байланысы бар басқа да қызметкерлер);
10) мейрамханаларда, дәмханаларда, барларда, асханаларда және т. б. үстелдердің арасындағы қашықтықты 2 метрден кем емес сақтау немесе «клиенттер арасындағы қашықтық – бір бос үстел» қағидаты бойынша келушілерді отырғызу сақталынсын.
2. Шымкент қаласының аудан әкімдеріне, Шымкент қаласының полиция Департаменті басшысына, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысына:
2.1. Шымкент қаласы Абай ауданының «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабында кіру кезінде орнатылған санитариялық блок-бекеттерде барлық адамдардың денсаулық жағдайы тексерілуі (дене қызуын өлшеу) қамтамасыз етілсін;
2.2. Транзиттік жүк автокөліктерді, қала қажеттілігі үшін азық-түлік тауарлары бар жүк автокөліктерді қоспағанда, Шымкент қаласының аумағына (аумағынан) 21:00-ден 7:00-ге дейін автокөлік құралдарының барлық түрлерінің және азаматтардың келуіне және шығуына тыйым салынсын;
2.3. Азаматтардың жиналуына жол бермеу және ықтималды қылмыстардың алдын алу мақсатында қалада патрульдік полиция қызметкерлерінің, Ұлттық гвардия қызметкерлерінің саны көбейтілсін.
3. Шымкент қаласының аудан әкімдеріне, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысына, Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқарма басшысына:
3.1. Коммуналдық және әскери қызметтерді тарта отырып, қоғамдық көлік пен аялдамаларды қоса алғанда, қала аумағында күнделікті дезинфекциялық іс-шараларды өткізуі қамтамасыз етілсін;
3.2. Қалада жол көліктің жұмыс тәртібі сағат 21:00-ге дейін белгіленсін.
4. Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының басшысына:
4.1. Эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып, КВИ-мен ауыратын науқастарды және күдікті адамдарды оқшаулау үшін инфекциялық стационарларда бөлек төсектермен қамтамасыз етілсін және індетке қарсы іс шаралар күшейтілсін;
4.2. Іс-әрекеті КВИ-ға күдікті науқастарды қараумен, тасымалдаумен, ошақтағы жұмыспен, емдеуге жатқызумен, емдеумен және оларға қызмет көрсетумен байланысты медицина қызметкерлерінің және персоналдың қорғаныш дәрежесі жоғары маскалармен немесе респираторлармен қамтамасыз етілсін;
4.3. Ауруды ерте анықтау мақсатында Абай ауданының «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабында үйме үй аралау жұмыстарының жүргізілуі қамтамасыз етілсін.
5. ШЖҚ РМК «Ұлттық экспертиза орталығы» Түркістан облысы филиалының «Дезинфекция орталығы» директорына:
5.1. Тапсырыс түскеннен соң залалсыздандыру жұмыстары ұйымдастырылсын (науқасты тасымалдағаннан кейін, науқас болған жерлерді).
6. Шымкент қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқарма басшыларына:
6.1. Аталған органдар мен ұйымдардың бірінші басшыларына таныстырылып, осы Қаулы табыс етілсін;
6.2. Абай ауданының «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабында санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық шаралар жүргізілсін;
6.3. Шұғыл ден қою шараларын қолдана отырып, көпшілік болатын және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін, денсаулық сақтау және білім беру, басқа да аталған объектілерде коронавирусты инфекциясы бойынша жүргізіліп жатқан санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың мониторингі және бақылау қамтамасыз етілсін;
6.4. Аумақтық және жергілікті мемлекеттік органдарымен бірлесіп осы Қаулының орындалуын қамтамасыз етілсін;
6.5. Осы Қаулыны барлық мүдделі ведомстваларға жеткізілсін, халықты БАҚ, әлеуметтік желі арқылы ақпараттандырылсын.
7. Осы Қаулының талаптары, сондай-ақ төтенше жағдай режимі бұзылған кезде жауапты адамдарды тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде көзделген барлық шараларды қабылдасын.
8. Қаулыны меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар орындау міндетті.
9. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
10. Осы Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Шымкент қаласының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері А.Тулебаев