Ордабасыда 105 мұқтаж отбасыға тегін азық-түлік таратылды

Screenshot_4.jpg

Қазіргі таңда елімізде белең алған коронавирус індетімен күрес күшеюде. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші, халыққа тек мемлекет тарапынан ғана емес, жергілікті кәсіпкерлер де көмек көрсетіп, қиын-қыстау тұста бірліктің үлгісін көрсетуде. Бүгін Түркістан облысы Ордабасы ауданында әлеуметтік жағынан аз қамтылған 105 отбасыға аудан әкімдігінің тарапынан азық-түлік (ұн, құмшекер, күріш, пістемай, вермешель) таратылды. Көмек алған азаматтар әкімдікте шынайы алғыстарын жаудырды. Мысалы, Қажымұқан ауыл округінің тұрғыны Шакида Тұрғанбаева тұрмысы төмен отбасыларға жатады. Жолдасы 1- топтағы мүгедек жұмысқа жарамсыз. Әкімдік осындай көмекке аса зәру отбасыларға бірінші кезекте қол ұшын созды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қатысты үндеуде мемлекет ешкімді жерде қалдырмайтынын, бәріне қолдау көрсететін айтқан еді. Берілген уәде сөз жүзінде қалып кетпей расында жүзеге асқанына дән разы болған Шакида Тұрғанбаева көрсетілген көмек үшін әкімдікке алғысын білдірді. 

Ордабасыда мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар жауапкершілікті мемлекетке артып қоймай өздері де елге пайдасын тигізуде. Мысалы, Төрткүл ауылының тұрғыны 1-топтағы мүгедек Жасұлан Нарынбаев осындай қиын қыстау кезінде өз тарапынан 200 медициналық бетперде тігіп аулы тұрғындарына таратты. Осылайша ол халықты еңбекке шақырды. Жұмыс істеймін деген адамға кез-келген жағдайда жұмыс табылады. Тек ниет болса болғаны. 

Жалпы, Ордабасы ауданында бүгінгі күнге жалпы саны 65315 дана бетперде аудан тұрғындарына тегін таратылды. Аудандық білім беру және мәдениет бөлімінің қызметкерлері медициналық бетперде тігуге көп жәрдемін тигізді. Бүгінгі таңға қорда 31 мың бетперде бар.

Жалпы ауданда коронавирустың алдын-алу шаралары қатаң жүргізілуде. Аудан бойынша 5 бағытта 5 блок бекеттер орнатылды. Полиция мен денсаулық сақтау мамандары қатаң тексеру жұмыстарын атқаруда. Дауыс дыбыстағыш арқылы аудан бойынша сақтық шараларын түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 10 ауыл округіне дезинфекциялық жұмыстары толыққанды жүргізуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер