Шымкент: Әл-Фараби ауданында 45 кәсіпкер өз еркімен жұмысын тоқтатты

a57cc003-5bae-4752-a798-3b33f493b541.jpg

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасз ету мақсатында 4 жұмысшы тобы құрылған. Оған тиісті құзырлы органдардың өкілдері кірген. 

Бұл туралы Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте айтты. 

--Аудан аумағыдағы   Shymkent Plaza, Mega Planet, ЦУМ және Береке атты 4 ірі сауда орталықтары жабылған. Ал, Акбар және орталық қырғы базарлардың жұмыс істеу уақыты шектелсе, Дархан базары толық жабылды. Жұмыс істеп тұрған базарлардың аумағында күніне 2 рет дезинфекция жасалуда. Сондай-ақ, базар әкімшіліктері саудагерлер мен келушілердің медициналық бетперде мен қолғап киюін және қолды антисептикалық өңдеуден өткізуін қадағалап отыр, -- деді Ғабит Патшаханұлы.

Қазіргі таңда аудандағы 12 кәсіпкерлік нысандары дене қызуын өлшегіш контактісіз тепловизормен қамтылған. Бүгінгі таңда барлық кәсіпкерлік нысандарды осындай құрылғылармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.   

Аудан әкімінің айтуынша, 45 кәсіпкерлік нысаны өз еркімен жабылды. Ал, шектеулерді ескермеген және санитарлық талаптарды орындамаған 175 кәсіпкерге әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Сондай-ақ, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен төтенше жағдай кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзған 5 азамат 3 тәулікке қамауға алынған. 

Шымкент қаласының төтенше жағдай жөніндегі штабы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұнай бағасы 2022 жылдан бері алғаш рет 100 доллардан асты
  • Алматыға Оманнан эвакуацияланған 300-ден астам қазақстандық ұшып келді
  • Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
  • Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
  • Самұрық-Қазына басшысы 650 қызметкердің қысқартылатынын айтты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер