Шымкент: Тұрғындар кредитті кешіктіріп төлеуге мұрсат бергені үшін алғыстарын білдіруде

92358b1e725166a259ddeb9ce2169cc8_XL.jpg

Елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты банкке берешегі бар қазақстандықтардың барлық кредитін төлеу кейінге қалдырылған болатын. Өйткені карантиннің кесірінен елдегі кәсіпкерлік нысандардың 80% жұмысын тоқтатты. Халық табыс көзін жоғалтты, отбасыға кіретін кірісі азайды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай бастамаға банктердің түсіністікпен қарайтынына сенім білдірген еді. 

Президент тапсырмасына сәйкес, карантин кезінде жұмыстан босаған немесе ақысыз демалысқа шыққан, сондай-ақ кірісі төмендеген азаматтарға 16 наурыздан кейін өтелуі тиіс төлемдері 90 күнге тоқтатылды. Ескерте кетейік, несие төлемі кешірілген жоқ, тек кейінге шегерілді.

Мемлекет қолдауына шымкенттік тұрғындар да дән риза. Сондай азаматтың бірі - қала тұрғыны Жадыра Ғалымқызы.

"Рақмет, осындай кезде несиеміз шегеріліп, қолдап жатқандарына алғыс білдіреміз",- дейді ол.

- Осындай жағымды жаңалықтан соң барша қала тұрғындары өңірде орналасқан банктерге жаппай ағылуда. Барлық қаржы қызметкерлері тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, тиісті шараларды қолға алған. Еліміздегі қазіргі көңіл көншітпейтін кезеңде кәсібі тоқтап, несиесін төлеуге қиналған азаматтар үшін қабылданған бұл шешімнің оң пайдасы тиді. Қиын кезеңде қолдау білдірген Мемлекетке тұрғындар алғыстарын айтуда, - дейді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агентігінің Шымкент қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының басшысы Әбілқазы Қалназаров.

Айта кетейік, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен I, II топтағы мүгедектер, алтын және күміс алқа иегерлері мен толық емес отбасылар растау құжаттарынсыз ешқандай келісімдерге қол қоймай-ақ, төлемдерін үш айға шегерте алады.

Шымкент қаласы төтенше жағдай штабы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Президенттік республика» − Конституцияда еліміздің басқару нысаны нақтыланды
  • Елде 400-ден астам жаңа дәрі-дәрмек өндіріледі
  • 2040 жылға қарай ғылым қайда барады?
  • Павлодар облысында мас күйінде көлік жүргізген шенеунік жұмыстан шығарылады
  • Головкин Өзбекстан президентімен кездескенін сүйіншілете хабарлады (фото)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер