Шымкенттегі ірі қоймаларда азық-түлік қоры жеткілікті

Screenshot_18.jpg

Тауарларды тасымалдауда қиындық жоқ.  Бүгін қаладағы ірі қоймаларды аралап шыққан қала әкімі М. Әйтенов осылай деді. 

Бағаны тұрақтандыру үшін 2020 жылы қордан 1,9 миллиард теңге қарастырылған. Мұрат Дүйсенбекұлы қажет болған жағдайда тағы 800 миллион теңге бөлуге болатынын жеткізді. Тұрақтандыру қорының көлемі 2,2 миллиард теңгені құрайды. 

Қала әкімінің бастамасымен Шымкентте азық-түлік бағасын бақылайтын жедел жұмысшы тобы құрылды. Әлеуметтік маңызы бар 11 азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін `Gramad Retail` ЖШС-мен келісімшарт түзілген. Сауда орыны өзінің өкілдіктерінде жыл соңына дейін бағаны тұрақты ұстап тұрады. 

Өңірлік азық-түлік тауарлары қорын басқару жөніндегі комиссия шешімімен жалпы көлемі 9 250 тонна /ұн- 6000 тонна,  қант-2000 тонна, күнбағыс майы -250 литр, макарон өнімдері- 1000 тонна/тұрақтандыру қорына жалпы көлемі 1,3 миллиард теңге құрайтын тауарларды сатып интервенция жасау туралы шешім қабылданған.  

Screenshot_16.jpg

Қала әкімі алдымен Шымкенттегі ең ірі «Барыс-2007» ЖШС қоймасына барды.  Серіктестік қоймаларында  жеткілікті қор бар. Атап айтқанда  ұн, Макарон өнімдері, тұз тағы басқа тұтыну тауарлары бар.  «Барыс-2007» ЖШС ұннан бірнеше түрлі макарон өнімдерін шығарады. Қазір қазетті шикізаттар бар. Серіктестік қосымша 4 облысқа өнімін жөнелтеді. Тасымалдау темір жол арқылы жүргізіліп жатыр. Еш кедергі жоқ дейді «Барыс-2007» ЖШС бас директоры Айжан Найымбетова.  Төрайым оған қоса серіктестіктің өнімдерді бұрынғы бағада босатып жатқанын атап өтті. Оған қоса сатуышларды қысыл таяң кезеңде бағаны тым асырмай сатуға шақырды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер