Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының кәсіпкерлерге Үндеуі

Қадірменді кәсіпкерлер мен қолынан іс келетін барша азаматтар!

Өздеріңізге мәлім, қазір бүкіл әлем жаһандық кесел – коронавирус жұқпасына байланысты тым күрделі жағдайды бастан өткеруде.  Бүкіл дүние жүзін дүр сілкіндірген коронавирус инфекциясы бойынша ахуал тым күрделеніп бара жатқандықтан Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы пандемия жариялап отыр. 

190-нан астам елде коронавирус жұқпасы тіркеліп, оны жұқтырғандар саны 630 000 адамнан асты, 27 701 адам осы дерттен көз жұмды.

Көптеген елдерде, соның ішінде Италияда осы аурудың салдарынан бір күнде 600-700 адамға дейін көз жұмып жатыр, Америка, Испания, Германия, Иран, басқа да елдерде  де жағдай ушығуда. Франция халық арасында осы індеттің таралуы жағынан Еуропа бойынша 4-орынды иеленіп отыр.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және Президентіміз  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев дүние жүзін жаулап келе жатқан коронавирус жұқпасының таралауын болдырмау жөнінде айрықша шаралар қабылдады.

Халық көп шоғырланатын әуежайлар, теміржол вокзалдары мен  автовокзалдар, ірі сауда,  ойын-сауық орындарының жұмысы, көпшіліктің қатысуымен өтетін іс-шаралар  толық тоқтатылды. Үкімет қорынан дәрі-дәрмек, тест-жүйелері мен зертханаларға қажетті жабдықтар сатып алынды. Санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтілді.

Бүгінде көпшілік қазақстандықтар індеттің дүниежүзілік сипат алып отырғандығына қарамастан салынған қатаң тыйымдарға селқос қарауда. Өкінішке қарай, елімізде осы дертпен ауырғандар саны бүгінгі таңда 290 адамнан асты.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев коронавирус індетіне байланысты қалыптасып отырған ауыр экономикалық жағдайда қарапайым халықты қолдауға айрықша мән беруде.  

Шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау мақсатында 10 млрд. АҚШ доллары бөлінді. Сондай-ақ, кредиті бар азаматтарға кредиттік төлемдерін уақытша 3 айға дейін тоқтата тұруға мүмкіндік берілуде. 

«Нұр Отан» партиясы тарапынан халықтың әл-ауқаты төмен топтарына көмек беру мәселесі қолға алынып отыр. «Біз біргеміз» акциясы шеңберінде облыс бойынша 1500 аз қамтамасыз етілген отбасыға азық-түлік таратылып, қолдан келгенше жәрдем берілуде. Осы тектес игі шаралар «Нұр Отан» партиясы тарапынан да, облыс әкімдігі тарапынан да жалғасын табатын болады. Дегенмен, қаншама адам өмірін алып кеткен зұлым індет жағдайында мұның барлығы теңізге тамған бір ғана тамшы секілді. Біз осы індетті жеңуіміз үшін дүйім ел болып бірігуіміз қажет.

Себебі, бұл мәселе бір Елбасымыз бен Президентіміздің, не Үкіметтің ғана проблемасы емес, бүкіл қоғам болып еңсеруіміз қажет қауіпті індет. 

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев коронавирусқа байланысты халыққа жолдаған Үндеуінде «осындай қиын шақта елге көмектескісі келетін және жәрдем бере алатын адамдардың қаржысы жинақталатын» республикалық қор құруды ұсынды. Бұл ретте, үлкен алпауыт елдердің өзі бұл індетке дайын болмағандығын атап өтуіміз қажет.

Мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алған сәттен бастап бизнестің, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына ерекше ден қойып, кәсіпкерлерге барынша қолайлы жағдайлар жасап келді. Ел Президентінің жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауларында, бағдарламалық құжаттарда ірі, шағын және орта бизнес субъектілерін қолдауды көздейтін түрлі шаралар айқындалды. Соның нәтижесі ретінде бүгінде қазақстандық бизнес ел экономикасының флагманына айналды. 

Себебі, бұл мәселе бір Елбасымыз бен Президентіміздің, не Үкіметтің ғана проблемасы емес, бүкіл қоғам болып еңсеруіміз қажет қауіпті індет. 

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев коронавирусқа байланысты халыққа жолдаған Үндеуінде «осындай қиын шақта елге көмектескісі келетін және жәрдем бере алатын адамдардың қаржысы жинақталатын» республикалық қор құруды ұсынды. Бұл ретте, үлкен алпауыт елдердің өзі бұл індетке дайын болмағандығын атап өтуіміз қажет.

Мемлекетіміз өз тәуелсіздігін алған сәттен бастап бизнестің, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына ерекше ден қойып, кәсіпкерлерге барынша қолайлы жағдайлар жасап келді. Ел Президентінің жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауларында, бағдарламалық құжаттарда ірі, шағын және орта бизнес субъектілерін қолдауды көздейтін түрлі шаралар айқындалды. Соның нәтижесі ретінде бүгінде қазақстандық бизнес ел экономикасының флагманына айналды. 

Елбасымыздың осы ұсынысын жүзеге асыру аясында Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары аталған республикалық қорға 122,5 млн. теңге аударды. Алдағы уақытта қорға депутаттар тарапынан тағы да қаражат аударылатын болады. Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаттары аз қамтамасыз етілген отбасыларға азық-түлік, гигиеналық құралдар түрінде 8,5 млн. теңгенің көмегін көрсетті. 

Мұның барлығы – халықтың, тұтастай ұлтымыздың денсаулығы мен өмірі үшін жасалып отырған өте маңызды шаралар.  

Біз қолынан іс келетін барша іскер азаматтардан, кәсіпкерлерден, ірі кәсіпорындар басшыларынан ел басына осындай күн туғанда аянып қалмастан, республикалық қорға қолдан келген көмектеріңізді  аударуларыңызды сұраймыз. 

Қатерлі індетті жеңуде біз тағы да иық тіресіп, күшімізді бір арнаға тоғыстыруымыз қажет.

Бәріміздің азаматтық жауапкершілігіміз бен ұстанымымыз сыналатын жауапты шақта Сіздердің шетте қалмайтындарыңызға зор сенім мен үміт білдіреміз. 

Түркістан облысы, Түркістан қаласы Қызылорда трассасы, 34 А «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қорының реквизиттері:

БИН 100440016000

Кбе 18, КНП – 119,

АО «Halyk Bank»

ИИК: KZ886010001000002491

БИК HSBKKZKX

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер