Шымкент: Төтенше жағдай тәртібін бұзған 9 адам қамауға алынды

Screenshot_32.jpg

Шымкентке кіре беріске қойылған блок бекеттерде төтенше жағдай режимин бұзған үш жағдай анықталған. Қазір оның біреуі соттан өтіп, қалған 2 жайт бойынша материалдар жинақталып, сотқа жолданған. 

Жалпы қала аумағында 18 блокбекет жұмыс істеп тұр. Ол жерлерде 669 қызметкер 3 ауысыммен  тәулік бойы  қызмет етуде. Оның ішінде 237 полиция қызметкері, 168 қарулы күштер, 60 Ұлттық ұлан сазбаздары бар. Бекеттерге 204 медицина мамандары жұмылдырылған. Барлық бекеттер  бейнебақылау камералары мен дрондармен қамтамасыз етілген. 

 Уақытша шектеу кезінде бір ғана Қаратау ауданы арқылы қалаға жолсыз кірмек болған 150 көлік  жүргізушісіне  хаттама толтырылған.  

Шымкент қалалық полиция департаменті ұсынған мәлімет бойынша шектеу кезінде қала аумағында тәртіп бұзғаны және санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін 580 тұлғаға хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін сотқа жолданған. 9 тұлға әкімшілік қамауға алынып, 1 тұлғаға айыппұл салынған. 

2020 жылғы 4 сәуір сағат 21.00-ден бастап қала аумағында карантин жарияланды. Осыған байланысты, қалаға көліктер мен жаяу жүргіншілердің кіріп-шығуына тиым салынады.   Полиция қызметкерлері шектеулердің орындалуын қадағалайды және бұл бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Белгiлеген шектеулерді бұзу немесе талаптарды орындамаған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Джей Лоның концертіне арналған билеттердің барлығы сатылып кетті
  • Ажырасқаннан кейін баламен араласудың жаңа ережелері бекітілді
  • Қай өңірде неке көп қиылады
  • Қазақстанда күн күрт суытып, үсік жүреді
  • Салық кодексі. Temu, Pinduoduo секілді шетелдік маркетплейстерге талап күшейтілмек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер