Шымкенттегі блок бекеттерде ыстық тамақ берілуде

Screenshot_4.jpg

Шымкент қаласы аумағындағы блок бекеттерде тұрған қызметкерлерге үш мезгіл ыстық тамақ жеткізілуде.

Мұндағы полицейлер мен әскерилерге және медицина мамандарына жергілікті кәсіпкерлер мен еріктілер қолдау білдіріп, ас-ауқат жеткізіп, тегін таратуда. Қала аумағында карантитнге жабылған аумақтарда кезекшіліктегі азаматтарға ас апарған еріктілер:

– Төтенше жағдайдың жауапкершілігін жақсы түсінеміз. Сондықтан шектеулерді сақтап, бір-бірімізді қолдап, бірлесе еңбек еткенде ғана дертті ауыздықтай аламыз, дейді.

Бүгінде қала аумағында 669 қызметкер жұмылдырылған 18 блок бекет тәулік бойы жұмыс істеп тұр. 3 ауысыммен қызмет ететін посттарға  237 полиция қызметкері, 168 қарулы күштер, 60 Ұлттық ұлан сарбаздар мен  204 медицина маманы бар.

Санитарлық нормалар бойынша жұмыс істейтін мамандар тұратын аумақ жиі-жиі залалсыздандырылып, бейне камералармен және әуеден бақылайтын дрондармен қамтылған.

Бекеттерде транзиттік көліктер мен олардың жүргізушілерін тексеру қатаң бақылауға алынған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • РАБОТА ЕСТЬ: КОЛИЧЕСТВО ВАКАНСИЙ В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТ РАСТИ
  • Ситуация с размещением пациентов в инфекционной больнице Шымкента полностью урегулирована
  • Мақсат – адал, білімді әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеу
  • «Ассамблея жастары» – жалпыұлттық бірегейлікті дәріптеуде алдыңғы сапта болуы тиіс
  • В Шымкенте на участие в проекте «Читающая нация» зарегистрировались почти 67 тысяч человек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер