Мархабат Байғұт: Жаһандық індетпен күресте тәртіп пен бірлік керек

Мархабат Байғұт, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты:

5887eb6c-a3c1-4807-a29c-f79f22aa16ff.jpg

Қазақстан қауіпті дерттің алдын алуға әлем елдерінің ең алғашқыларының бірі болып кірісті. Соның арқасында болар мына бір дерттің қауіпті кезеңінде еліміз барлық сақтық шараларын күшейтіп, нәтижесінде көп қауіптің алдын алуға әрекеттеніп жатыр. 

Әлемге көз жүгіртетін болсақ, дүниежүзі бойынша 1,4 миллионнан астам адам осы сырқатқа шалдығып, ондаған мың азаматтың жаны қиылды. Біздің елде де 600-ден астам азамат асы індетпен күресу үстінде. Сондықтан да Елбасының бүгінгі үндеуі алаңдалы отырған халық үшін үлкен серпін берді. Себебі, Елбасы әрбір қазақстандық қамқорлықсыз қалмайтынын айтты. «Бүгінгі күрес даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген ел құл болмайды» деген қанатты сөзін еске салады және соны бекем ұстануды талап етеді». Осылай деген Елбасы бүгінгі үндеуінде  елді қиындыққа қайыспай, белді бекем буып, береке-бірлігімізден айырылмауға шақырды. 

"Біз - біргеміз" деген ұранмен қазақ жерінің түпкір-түпкірінде халық "бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып" бейбітшілік пен келісімнің айқын көрінісін көрсетуде. Тәртіпке бағынайық, сақтық шараларын сәт сайын назарда ұстайық. Біз, бәрін де бірге жеңеміз.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады
  • Бір палаталы Парламент: ашықтық пен әділ бәсекенің кепілі - Нұрлан Бекназаров Құрылтай туралы
  • Преамбула еліміздің тарихы тереңде жатқанын айқын көрсетеді - Бақыт Нұрмұханов
  • Айдарбек Қожаназаров: Цифрлық дербес деректерді қорғау мәселесін Ата заңымызда белгілеу маңызды болд
  • Айдос Сарым: Қазақстан жаңа дәуірге аяқ басты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер