Шымкентте екі күнде 7 жағдай тіркелді

771100ab-78dd-430a-b3d7-a7c1e7db740f.jpg

Шымкент қаласында 8 сәуірде – 3,  9 сәуірде – 4 жағдай тіркелді. 

Бұл науқастардың барлығы вирус анықталған 48 жасар азаматша мен 26 жасар азаматтың тығыз байланыста болғандар. 

Аталған науқастар стационарлық карантинде медициналық қызметкерлердің бақылауында болған. Инфекцияны анықтау бойынша жүргізілген зертханалық тексеруден COVID-19 сынамасы оң нәтиже көрсетті. Науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, барлығына бекітілген хаттамаларға сәйкес қажетті ем жүргізілуде. 

Ауруға шалдыққандар арасында: 2 және 14 жастағы 2 бала мен 23-55 жас аралығындағы 5 адам бар. Осы азаматтармен байланыста болған 81 адам оқшауланып, медициналық бақылауға алынды. 

Ошақтарда науқастардың тұрғылықты жері бойынша дезинфекция жүргізіліп, карантинге жабылды. 

Шымкент қаласы бойынша қосымша 3 ошақ тіркелді. Олар: «Солтүстік-Батыс» шағынауданындағы Үшқиян көшесі, «Қайтпас-1» шағынауданындағы Алтай көшесі және Сайрам тұрғын алабындағы Әл-Фараби көшесі.

Қазіргі таңда, Шымкент қаласында жалпы коронавирус инфекциясына шалдыққан 27 жағдай тіркелген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таза ауыл – таза болашақтың кепілі
  • Балдыбірек каналының арнасы тазаланды
  • МАҚТААРАЛДА МАҚТА ЕГУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
  • Мақта дақылын егу жұмыстары басталды
  • "Құлмұрат Ата" өндірістік кооперативінде маңызды кездесу өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер