Шымкентте коронавирусқа байланысты 16 аумақ оқшауланды

Screenshot_1.jpg

Коронавирус инфекциясының кең таралмауына және қауіпті індеттің алдын алу мақсатында Шымкент қаласында 16 аумақ оқшауланды. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқшауланған аумақтарда 163 полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Медицина мамандары да тәулік бойы қызмет атқаруда. Ошақтарда науқастардың тұрғылықты жері бойынша дезинфекция жүргізіліп, үздіксіз эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізілуде.

Оқшауланған мекенжайларға тоқталсақ, олар: 

1.Жұқпалы аурулар ауруханасы; 

2.«Атамекен» медициналық орталығы; 

3.«Мейірім» оңалту орталығы; 

4.№2 қалалық ауруханасы (Медикус); 

5.Психикалық сауықтыру орталығы; 

6.«Жаңаталап» шағынауданы; 

7.«Самал-1» шағынауданы, Тайманов көшесі 14 үй; 

8.Мақталы 120 үй; 

9.Желтоқсан 3а үй; 

10.8 шағынаудан, 53 үй; 

11.Төреқұлов көшесі 204 үй; 

12.«Солтүстік-батыс» шағынауданы (Ұшқиян 644); 

13.«Асар-2» шағынауданы Шаттық-74; 

14.«Қайтпас-1» шағынауданы, Алтай көшесі 15 үй; 

15.Сайрам ауылы Әл-Фараби көшесі 25 үй; 

16. «Сәуле» шағынауданы, Жастар, Бәйдібек ата, Ғ. Мұратбаев, Баянауыл, Көктөбе көшелері.

Айта кетсек, қазіргі таңда Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының жалпы 31 жағдайы тіркелген.

Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер