Шымкентте екі науқас коронавирустан жазылып шықты

Screenshot_50.jpg

Шымкентте коронавирус жұқтырған екі науқас ауруханадан жазылып шықты. Дертінен айыққандар - анасы мен баласы. Бұл туралы қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр баспасөз брифингінде мәлімдеді.

2020 жылдың 11 сәуір күнгі жағдай бойынша Шымкент қаласында коронавирустық инфекцияның 33 жағдайы тіркелген.

Қуаныштысы сол,  «Тәуелсіздікке - 20 жыл» бірінші ошағынан осы 2 отбасы мүшелерінде зертхананың сынамалар теріс болып, олар үйге шығарылды. Дәрігерлер пациенттердің жағдайы жақсы екенін айтады.Дертінен айыққандар 1970 жылғы және 1996 жылғы бір отбасының мүшелері. Нақтырақ айтқанда, анасы мен баласы.

Ал отбасының қалған 3 мүшесі медициналық қызметкерлердің бақылауымен 14 күндік карантин аяқталғанға дейін қалады, себебі інісінен COVID-19 ауруы 12 күні анықталып, әкесімен қарындасы жақын байланыста болған. Қалған пациенттердің жағдайы тұрақты, қолданыстағы хаттамаларға сәйкес емдеу жалғасуда.

Түркістан облысынан қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына COVID19 ауыруына шалдыққан ауыр жағдайда 2 науқас ауыстырылды (48 және 60 жас). Олардың жағдайы қазір тұрақты, динамиканың жақсарғаны байқалады.

Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ҚАЗАҚСТАН ЖАҺАНДЫҚ СУ ДИПЛОМАТИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАСТАМА КӨТЕРДІ
  • ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БИЗНЕС ФОРУМЫНДАҒЫ ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕЗЕҢІ
  • "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" – Жолдаудың басты ұраны талқыланды
  • Жолдаудың басты бағыттары түсіндірілді
  • Бексұлтан Абзал Ермаханұлы Мақтаарал ауданындағы “Жандос” шаруа қожалығында болды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер