Шымкент: Бетперделік режимді сақтау қатаң бақылауға алынған

Screenshot_16.jpg

Абай ауданында дезинфекциялау жұмыстары қарқынды жүруде. Бүгінге дейін аудандағы 31 шағынаудан мен тұрғын алабындағы 582 көше дәрілеу жұмыстарынан өтті. Бұл жұмыстарға 8 арнайы техника мен 130 әскери қызметші жұмылдырылды.  

 Аудан аумағындағы оқшауланған 6 нысандағы жағдай жіті бақылауға алынып, тұрғындарға қажетті заттарды жеткізу жүйеленді.  

Карантинге жабылған аймақтардағы тұрғындарға «Biz Birgemiz» акциясы аясында және демеушіер есебінен азық-түліктер тегін таратылды. Бүгінде дейін 1790 отбасыға, 2368  азық-түлік пакеті табысталды. 892 отбасыға тиесілі көмектер үлестірілуде.   

Көп балалы отбасылар мен жағдайы төмен отбасыларға 32 мың бетперде таратылып,  «Biz Birgemiz» акциясы аясына 55 жастан асқан азаматтар мен зейнеткерлерге және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 330 мың бетперде таратылды.

Індеттің алдын алу мақсатында аудан аумағында орналасқан банк филиалдарында сақтық шаралары қолға алынып, келушілер үшін арнайы күту орындары әзірленді. Ауданда бетперделік режимді сақтау қатаң бақылауға алынған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Кейінгі 5 жылда еліміздегі өлім-жітім 9%-ға төмендеген
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер