Шымкент: Заласыздандыру жұмыстарын жоспарға сай жүргізуде

Еңбекші ауданында төтенше жағдайға байланысты көпқабатты 321 тұрғын үйдің 301-іне залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.  

Көпқабатты үйлердегі 715 дәліз бен 55 көше толық дезинфекцияланды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Көмекке мұқтаж азаматтарға карантин кезінде жан-жақты қолдау көрсетіліп, атаулы әлеуметтік көмек алатын 2358 отбасының 1528-іне   «Magnum» сауда жүйесі арқылы әлеуметтік азық-түлік пакет беріліп, 2472 отбасыға 11360 дана тегін бетперде таратылды.

Н.Төреқұлов көшесінде вирус анықталған көпқабатты үйде дезинфекция жүргізіліп, оқшауланды. Ондағы тұрғындарға қажетті заттар уақтылы жеткізілуде. 

Бүгінде әскери жиынға шақырылған сарбаздар өзге де қызметтермен бірге аудан аумағында заласыздандыру жұмыстарын жоспарға сай жүргізуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жаңа Конституция: Түркістанда әлеуметтік саясат пен отбасы құндылықтары талқыланды
  • Президент Қазақ ұлттық университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
  • Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді
  • Қазақстанда «Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін жұмыссыздық төлемін алу туралы ақпарат жалған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер