Атырау облысында кеншілер коронавирусқа байланысты бас көтерді

19 сәуір күні кешкісін әлеуметтік желілерде "Теңіздегі "Болашақ" вахталық кентіндегі толқулар" деп аталған видео тарай бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

news_full1587350160f507a14a5904b74715dc94d6b810cb49.jpg

zello_atyrau инстаграм парақшасында оқиға орнынан бірнеше ролик жарияланды. Кадрлардан адамдардың бір ғимараттың алдында жиналғанын байқауға болады. Видеолардың бірінде әйнектің сынған шынының және қатты ұрыстың дыбысы естіледі.

"Ақ Жайық" басылымының хабарлауынша, толқудың себебі коронавирус болған. Жұмысшылар ауруды жұқтырудан қорқып, басқа вахталық кенттерден қызметкерлерді қоныстандыруға қарсы шыққан.

Алайда, "Теңізшевройл" компаниясының баспасөз қызметінде  уайымдауға негіз жоқ деп мәлімдеді. "Болашақ" кентінің тұрғын үй блоктарына таңертең ерте үйлеріне жіберілетін қызметкерлер қоныстанған. Олардың барлығы экспресс-тестілеуден өткен, бәрінде нәтиже теріс болды қазір олар  тасымалдауды күтіп отыр. Оқиға орнында түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Шымкенте реализуются проекты по повышению качества жизни населения
  • Шымкентте тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жобалар іске асырылуда
  • Парманов Шымкент қалалық жастар саясаты басқармасының басшысы болып тағайындалды
  • Жасы үлкен студенттер саны бойынша Шымкент қаласы көш бастап тұр
  • В Шымкенте запущена подстанция «Ақжар»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер