Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы тағайындалды

Screenshot_1.jpg

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болып Пашимов Марат Орынбасарұлы тағайындалды.

Жас та болса іскерлігімен, ұйымдастыру қабілетімен көзге түскен Марат Пашимов 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында туылған, білімі жоғары, біліктілігі емдеу ісі және жергілікті мемлекеттік басқару. Медицина ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы кардиологиялық орталықта медаға болып бастаған.

2005 – 2015 жылдары аралығында облыстық клиникалық ауруханасында дәрігер-анестезиолог, реанимация бөлімінің меңгерушісі, телемедицина меңгерушісі, бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік және ТЖ жөніндегі орынбасары лауазымдарын атқарған.

2015 - 2017 жылдары №3 Шымкент қалалық емханасының бас дәрігері болып қызмет еткен.

2017 жылдың қаңтар айынан бастап Түркістан облысы клиникалық ауруханасының бас дәрігері болып еңбек етіп келді.

Марат Пашимовқа жаңа қызметте сәттілік тілейміз!

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Самұрық-Қазына басшысы 650 қызметкердің қысқартылатынын айтты
  • Қытайлық компаниялар Қазақстанның бірнеше қаласында қонақүйлер мен ойын-сауық кешенін салмақ
  • 90 мыңға жуық адам әлеуметтік желіде Жалпыұлттық коалиция бастамасын қолдады
  • Қырғызстан билігі Тергеу комитетін құруды жоспарлап отыр
  • Заманауи өндіріс орындары салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер