Құралов Нұрлан: Ауыл шаруашылығы саласына аса ден қойғаны көңіл қуантты

Құралов Нұрлан – «Аманкелді» ЖШС Бас директоры:

cf09daa5-384b-4c58-b026-d92e21cddb72.jpg

Ауыр індеттің алдын-алу үшін Қазақстан кешенді шараларды қабылдап, сол арқылы халықтың да әл-ауқатын тұрақты ұстап келеді. Әртүрлі әлеуметтік топтарға тағайындалған көмектер көпшілікке төтенше жағдай уақытында тарықпауға жағдай жасауда. Мемлекет басшысының бүгінгі мәлімдемесі сол көмектердің жалғасатынын, тығырықтан шығуға жақын қалғанымызға көз жеткізді.

Әсіресе, ел экономикасының басты драйвері саналатын – ауыл шаруашылығы саласына аса ден қойғаны көңіл қуантты. Көктемгі егіс науқаны мәселелеріне ешқандай кедергі туындамайтынын айтып, өнімдерді алдын-ала сатып алу үшін бюджеттен 200 миллиард теңге бөлініп, оның 70 млиардын тұқым өндірісіне бағыттауды тапсырды. Осындай қиын кезеңге қарамастан өз ісін табысты жалғастырып жатқан кәсіп иелеріне бұл таптырмас мүмкіндік болып тұр. Бізде өз тарапымыздан тұрақты өнім көлемін сақтап қалу үшін барлық шараларды жасап жатырмыз. Қазіргідей кезеңде алушылар өнімдерді тікелей шаруалардың өзінен алатындай жағдай туындаса-нұр үстіне нұр болар еді. Бұл тек шаруаларға ғана емес, қарапайым халыққа да тиімді шешім болады деп ойлаймын. 

Президент қабылдаған кешенді шараларға жауаптылықпен қарап, әлі де босаңсымай, сақтық шараларына мән берсек, бұл қиындықтан да құтылатын уақыт алыс емес екендігіне сенемін.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер