Мархабат Байғұт: Маңызды өзгеше мәлімдеме

Мархабат Байғұт – жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері: 

200321164102391e.jpg

Мемлекет басшысы жасаған мәлімдеменің маңызы бөлекше, мәні ерекше. Терең талдауға, барлық міндеттерді айқындауға құрылған. Қиындықтар мен күрделі жағдайлар жан-жақты айтылған. Не істемек керектігі сарапталған, сараланған.  Президентіміз Қ.Тоқаев қауіпті вирустан қазақстандықтардың өмірін қорғап қалудың қаншалықты маңызды екенін ерекшелеген. Ия, әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, халықтың жағдайын қалыпты ұстау мақсатында мемлекетіміз барлық шараларды қолдануда. Ешкім де назардан тыс қалмайды, - деді Тоқаев. 

«Біргеміз» қоры мен «Нұр Отан» партиясы туралы да айтты. Қанша адамға азық-түлік таратылғанын, коммуналдық көмек, тауарлар бағасы т.б жағдаяттар жөнінде баян етті. Шағын джәне орта бизнеске, ауыл шаруашылығына бөлініп отырған қаржылар нақ-нақ атап көрсетілді. «Жалпы, азаматтар мен бизнесті қолдау үшін 6 триллон теңгеге жуық қаржы бөлініп отыр. Бұл қомақты қаражат», - деді Президент. 

Алайда, ахуалдың аса күрделі екендігін де ашық айтты. Коронавирус бүкіл әлемді жайлап барады. Біздегі жағдай да өте қауіпті. Бірақ, барлық салада оның ішінден медицина да өте ауқымды шаралар қолға алынып жатыр.  Қысқартып айтқанда, барлық қиындықтарды жанкешті жауапкершілік, темірдей тәртіп жеңеді. Карантиннен шаршадық деп үстірттікке жол беруге мүлде болмайды. Төзімділік, тәртіп, тазалық керек. 11 мамырға дейін де кейбір кәсіпорындар,халыққа қызмет орындары, тағы басқалары біртіндеп жұмысқа кіріспекші. Әрине, талаптарды қатаң сақтай отырып. Балалар алаңдарын ашу да ойластырылады. Алайда, аулаларды ашамыз деп, ауа жайылуға да болмайды. Сақтансаң, сақтаймын деген Жаратқан Ие. Бірлік пен сабырлылықпен бұл дағдарыстан да шығамыз.

 Президент мәлімдегендей ұлт болып ұйыса білсек, барлық мақсаттарға жетеміз. Әл-Фараби айтқандай: «Қаншама қиындықтарды қайырымдылық жеңген, жеңе де береді».

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер