Шымкент: Еңбек заңнамасының талаптары онлайн режимде түсіндірілуде

Screenshot_6.jpg

Жұмысшылардың еңбек қызметін жүзеге асыруға толық емес жұмыс уақыты режимін белгілеу, қашықтан жұмыс істеу, басқа жұмысқа уақытша ауыстыру, бос тұрып қалу уақытын ресімдеу, сондай-ақ, төтенше жағдайға байланысты табыс көзінен айрылғандарға ең төменгі жалақы мөлшері көлемінде (42 500 теңге) төлемін жүргізу қарастырылған.

Осы орайда, Шымкент қаласы еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасымен мекемелер, ірі, орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері мен жұмыскерлерге еңбек заңнамасының сақталуына байланысты күнделікті Facebook, Instagram әлеуметтік желілері арқылы 10:00 мен 10:30 аралығында тікелей эфирде (online) түсіндірме беріліп, келіп түскен сұрақтар бойынша тиісті жауаптар берілуде. 

Сонымен қатар, байланыс телефондары арқылы жүгінген жеке және заңды тұлғалар мен өкілдеріне мемлекеттік еңбек инспекторларымен тиісті кеңестер беріліп отыр.

Басқармаға қарасты «Шымкент қаласы әкімдігінің Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен, елімізге келген қандастар орналасқан бейімдеу орындарында төтенше жағдай талаптарын сақталуы тұрақты бақылауға алынған. Сондай-ақ инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында барлық орын-жайларда күнделікті санитариялық-дезинфекциялық жұмыстары жүргізілуде. 

«Біз біргеміз» акциясы аясында орталықтағы қандастарға кәсіпкерлер мен қайырымдылық қорлары арқылы көмектер берілуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер