Су тасқыны: Шөкеев өңірдегі жағдай туралы мәлімдеді

Кеше Өзбекстанда Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылуына байланысты көрші елдің бірнеше ауылын су басқан болатын. Оның зардабы шекаралас орналасқан Түркістан облысының тұрғындары да таруда.

2a34ca86c61dcee492f85be80d5b2663.jpeg

Қазірге дейін Мақтаарал ауданының бірнеше ауылын су басып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Өңірде төтенше жағдай жарияланды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев осы жағдайға байланысты аймақтағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

"Өзбекстан республикасының Су шаруашылығы министрі Хамраевпен сөйлестім. Қазіргі таңда "Сордаба" қоймасынан су жіберу жұмыстары толық тоқтатылған. Дегенмен түнімен аққан сарқырама су  "ЦГК" каналына жиналды. Аталған каналдың су жіберу қуаттылығы секундына 120 текше метр.  Бірақ каналға түнімен секундына 180 текше метр су ағып келген.  

Осыны ескерген облыстық төтенше жағдай жөніндегі тиісті қызметтер Мақтаарал ауданындағы 4 елді мекеннен 5400 адамды эвакуациялауға мәжбүр болды. Бірқатар тұрғындар өз көліктерімен туған туыстарына жайғасса, қалғандары эвакуация барысында Атакент кентіндегі мектептерге жайғастырылды.  Эвакуацияланған тұрғындар  былтырғы Арыстың тәжірибесіне сәйкес тиісті медициналық қызмет, азық-түлік секілді барлық заттармен қамтамасыз етілетін болады", – деді Өмірзақ Шөкеев.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады
  • Бір палаталы Парламент: ашықтық пен әділ бәсекенің кепілі - Нұрлан Бекназаров Құрылтай туралы
  • Преамбула еліміздің тарихы тереңде жатқанын айқын көрсетеді - Бақыт Нұрмұханов
  • Айдарбек Қожаназаров: Цифрлық дербес деректерді қорғау мәселесін Ата заңымызда белгілеу маңызды болд
  • Айдос Сарым: Қазақстан жаңа дәуірге аяқ басты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер