Ботулизм – қауіпті ауру!

Screenshot_4.jpg

Ботулизм – тағамнан уланудың өте ауыр түрі. Бұл ауру дайындалу кезінде технологиялық процесі сақталмаған консервіленген саңырауқұлақ, баклажан, көкөніс және жеміс тағамдарын, сонымен қатар сүрленген (окорок, балық) тамақты қолдану салдарынан пайда болады. 

Адам ағзасына түскен токсиннің мөлшеріне байланысты, сырқаттанудың клиникалық белгілері тамақты ішкеннен кейін екінші, үшінші күндері білінеді. Ботулизмнің алғашқы белгілері: көз өткірлігінің нашарлауы, ауыз құрғау және бұлшық еттің әлсіреуі. Әдетте науқас болған адамдар «көз алдындағы бұлдырауға», «көз алдындағы  торға», жақында тұрған заттарды айыра алмай, көзге қосарланып көрінуіне, қабақтың түсуі, дауыс тембрінің өзгеруі, мұрнынан сөйлеу белгісі, қақалып-шашалу, жұту қабілетінің нашарлауына шағымданады. Дәрігерге кешігіп жүгінсе және ботулизмге қарсы сарсуды дер кезінде алмаса, адам тыныс алуының тоқтауынан өледі.

Бұл ауруды болдырмау үшін  келесі талаптарды сақтауы қажет, яғни:

сатып алынған өнімдерді ағынды судың астында бірнеше рет тазалап жуу; 

үйде әзірленген консервілерді пайдалану алдында 15-20 минуттай қайнату;

өнімдерді консервілеудің режимін сақтау, уксус немесе лимон қышқылын міндетті түрде пайдалану;

банкаларды және қақпақтарды  стерилизациялау әдісіне аса назар аудару қажет.

Үй жағдайында консервіленген салаттар, саңырауқұлақ, көкөністер және қақталған балықтарды базарда және көшелерде сатылатын белгісіз адамдардың қолынан сатып алмау керек.

Аурудың белгісі пайда болған жағдайда, тез арада дәрігер көмегіне жүгіну қажет және өнім қалдықтарын тастамай, зертханалық бақылау үшін сақтаңыздар. 

Шымкент қаласы Тауарлар 

мен көрсетілетін қызметтердің

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау

департаменті

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер