Шымкент: Коммуналдық төлемге өтінім білдіргендер саны 30 000 мыңнан асты

Screenshot_7.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, карантинге жабылған өңірлерде тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгеден берілетіні бұған дейін хабарланған болатын.

- Аталған көмекті алу үшін азаматтардан өтінімдерді қабылдау мақсатында communal-komek.kz сайты іске қосылған. Онда әрбір азамат өзінің ЖСН, әлеуметтік мәртебесін және жеке шоттарын енгізе отырып, өтінім бере алады. Жалпы 21 сәуірден бастап бүгінгі таңға дейін 30 279 азаматтан өтінім келіп түсті. Оның ішінде басым бөлігі жеке шоттары сәйкестігі деректер арқылы тексеріліп, оң шешімін тапты. Ал, қалған азаматтың жеке шоттары анықталмай, қазір тексерілу үстінде, - деді Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясындағылар  

Әлеуметтік көмек бойынша азаматтарға кеңес беру мақсатында Шымкентте  Call-орталық ашылған. Орталық таңғы 09:00 мен 18:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді. Оған күні бүгінге дейін 27 465 қоңырау түскен.

Ақпараттық жүйелер арқылы өтінім беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, call-орталыққа   39 23 68 нөмірі бойынша  хабарласуға болады.

Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер