Мархабат Байғұттың «Түркілер төрі Түркістан» кітабы жарық көрді

Screenshot_3.jpg

Бүгін қазақ әдебиетінің брендіне айналған танымал жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұт 75 жасқа толып отыр. Мерейлі күн ақжолтай хабармен басталды. Халықаралық Түркі академиясының Президенті, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі әлеуметтік желідегі парақшасында жазушыны туған күнімен құттықтап, оның кітабы шыққанын хабарлап сүйінші сұрады.

- Қазақ әдебиетінде өз өрнегімен, әсемдік әлемімен танылған, соқпағы соны, сонары олжалы, ішкі мәдеениеті жоғары, Қаратаудың шертпе күйіндей күмбірлеген нәзік рухымен оқырманның жан-дүниесін баураған бекзат жазушыны мерейлі жасымен құттықтаймыз! Шырайлы Шым-шаһардан шетке шықпай-ақ бір өзі әдеби орта қалыптастырған Мақаңның бүгін ғана баспадан шыққан «Түркілер төрі Түркістан» атты су жаңа кітабын да қаламгердің оқырмандарына сүйіншілеп қояйын, - деп жазды Дархан Қыдырәлі.

Бұл кітапта жазушы Түркілер тарихына тоқталып, Түркістан қаласының Түркі әлемінде алар орны туралы кеңінен тарқатып жазған. Аталған кітап барлық жастағы оқырманға арналған. Әсіресе, жас ұрпаққа өңір тарихын насихаттауда, оларды ұлтжанды етіп тәрбиелеуде «Түркілер төрі Түркістан» зор үлесін қосатынына нық сенімдіміз.

Біз қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып, оқырман жүрегінен орын таба біліп классик атанған Мархабат Байғұт ағамызды туған күнімен шын жүректен құттықтап, 100 жасаңыз дегіміз келеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер