Инвестиция тартуда Түркістан мен Ақмола облыстары басқа өңірлерден алда келеді

Өңірге инвестиция тарту жағынан Түркістан мен Ақмола облыстары көш басына шықса, Қызылорда мен Атырау ең соңғы орындарда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

200609094256356e.jpg

«Қаңтар-сәуірде сыртқы сауда айналымы 28,2 млрд долларды құрады. Экспорт 18,4 млрд долларды, импорт 9,8 млрд долларды көрсетті. Сауда балансының оң сальдосы өткен жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 4,0%-ға ұлғайды», - деді Үкімет отырысында баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов. 

Министр келтірген мәліметке сәйкес өнеркәсіп өндірісі 4,8%-ға ұлғайған. 

«Өсім өңірлердің көбінде байқалады. Ең жоғары өсімді Атырау (14,1%) және Қостанай (11,2%) облыстары көрсетті. 4 өңірде төмендеу тіркелді. Бұл Қызылорда (-11,1%), Ақтөбе (-1,7%), Маңғыстау (-1,6%) облыстары және Шымкент қаласы (-3,9%)», - деді ол. 

Руслан Дәленов өңдеу өнеркәсібінде өндіріс өсіп келе жатқанын атап өтті. Өсім бұл бағытта 4,9%-да құраған. 

«Фармацевтика (21,2%-ға), машина жасау (өсу 18,5%-ке), құрылыс материалдарын өндіру (12,3%-ға) және жеңіл өнеркәсіп (10,8%-ға) өсімнің жоғары қарқындарын көрсетті. Өңірлер бойынша жоғары өсім Қостанай (21,1%-ға), Түркістан (16,3%-ға), Қызылорда (13,4%-ға) және Атырау (12,1%-ға) облыстарында байқалады.5 өңірде төмендеу тіркелді. Бұл Ақтөбе (-5,3%), Маңғыстау (-3,7%), Жамбыл (-2%), Шығыс Қазақстан (-0,5%), облыстарында және Шымкент қаласы (-4,9%)», - дейді Руслан Дәленов. 

Министр сондай-ақ инвестициялар бойынша 15 өңір өсімді көрсеткенін жеткізді. 

«Түркістан облысында инвестиция 2 есеге жуық, Ақмола облысында – үштен бірге өсті. 2 өңірде төмендеу тіркелді. Бұл Қызылорда (-49,1%) және Атырау (-11,1%) облыстары. Жалпы, негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі 0,1%-ды құрады», - дейді Руслан Дәленов

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер