Түркістан облысында егін ору науқаны басталды

Түркістан облысындаКелес ауданындағы «Ошақты» өндірістік кооперативі биылғы жылы 150 гектарға бидай астық оруды бастап кетті. Өндірілген өнімді Бірлік ауылындағы қоймаға жайғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Түркістан облысында егін  ору науқаны басталды

«Ошақты» өндірістік кооперативі 1997 жылы құрылған. Құрамында егін шаруашылығынан басқа мал бордақылау пункттері бар ірі кәсіпорында жергілікті 90-ға жуық тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Көктемде жауын-шашын көп болмағанына қарамастан шаруаның өнімі бітік шыққан. Мұны кооператив иесі Маханбет Қожағұлов жердің құнарлығына балап отыр. 

Сондай-ақ, шаруашылықта жер жырту, тұқым себу және жерді өңдеу секілді жұмыстар уақытында қолға алынған. Соның арқасында қазір қырманға мол астық тасылып жатыр. Агротехникалық талаптарды тиянақты атқарған ірі шаруашылықтар қазір егістіктің әр гектарынан 30-35 центнерге дейін өнім жинауда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Депутаттар қоғамдық марапаттарды заңмен реттеуді ұсынды
  • Графикалық интерфейс элементтерін құру
  • Су үнемдеген шаруаларға субсидия 80% дейін артады
  • Қазақстанда мұнайдың алты жаңа кен орны анықталды
  • ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ӨРКЕНДЕТУ – БАСТЫ НАЗАРДАҒЫ МӘСЕЛЕ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер