Елорда - елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі

Screenshot_12.jpg

Елорда  –  бейбіт елдің баға жетпес байлығы. Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, елдігіміздің жаңа беттерін ашқан тарих іспеттес.  Өйткені, бұл бір кездері   ұлттың болмыс-бітімін сақтап, мемлекеттің келешегін кемелдету мақсатында «он ойланып, тоғыз толғанып» барып қабылданған тарихи шешім еді.

Жеңіс пен жетістіктер нәтижесінде пайда болған Елорда десе Елбасының көшелі көрегендігі мен асқан кемеңгерлігі келеді көз алдыңа. Халқымыз үшін, тәуелсіздік пен өсіп-өркендеудің алтын тұғыры үшін уақыттан оза шапқан бүгінгі бас қала – тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімінің көрінісіне, сан-қилы тағдырларды тоғыстырып жатқан керемет те көркем қалаға айналды.  Бүгінде ерке Есілдің жағасында жаңаша сәулеттік нақышпен бой түзеп келе жатқан әсем қаланың сұлу бейнесі көңілге қуаныш ұялатады.  

Қазір Қазақстанның жүрегі Елорда десе Елбасының ерен еңбегі мен көрегендігі қатар айтылады. Тұңғыш Президентіміз ел астанасын таңдар кезде «XXI ғасырдың табалдырығында біз өз таңдауымыз – көне Сарыарқаның киелі аспаны астында қоныс тепкен жаңа астанамыз туралы мәлімдейміз. Бұл таңдау астарында еліміздің қазіргі басшылығының айқындамасы ғана тұрған жоқ. Бұл таңдауда Тәукенің көрегендігі мен Абылайдың ұлылығы, есімдері аңызға айналған билердің даналығы мен 1986 жылдың желтоқсанында ұлттық қадір-қасиет дегеннің не екенін күллі әлемге паш еткен сол бір жас жүректердің қаһармандығы тоғысып жатыр. Бұл таңдауда өз тағдырының қожасы болу құқығы үшін өмірін қиған миллиондаған қандастарымыздың ерік-жігері бар. Осы таңдауға дәйім лайық болайық», деген еді.

Ендеше Елорда күні құтты болсын! Барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне айналды Елорда қарыштап дамып, көркейе берсін!

Исамудин Рысбай,

Шымкент қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер