Шымкентте қоқыс алаңшалары жаңартылуда

Screenshot_15.jpg

Абай ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерде қатты тұрмыстық қалдықтар тасталатын 112 контейнер алаңшасы бар. Осы алаңшаларға 485 контейнер қойылған. Ағымдағы жылы тозығы жеткен қоқыс контейнерлерін ауыстыру мақсатында қалалық бюджеттен қаржы бөлініп 19 млн 500 мың теңгеге 150 дана контейнер сатып алынды, мердігер мекеме - «Статус КБО бюлдинг» ЖШС. 

Абай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Е.Занкоев жаңадан алынған 150 дана контейнердің сапасын тексеріп, қабылдау бойынша тиісті шаралар жүргізуді тапсырды. Қазіргі таңда тозығы жеткен контейнерлерді ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Ауданда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен "Спецавтотранспорт"  ЖШС-і  айналысады. 

Айта кетсек, мердігер мекеме көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы  қоқыс контейнерлерін күніне 2 рет, жеке тұрғын үйлерді аптасына 1 рет тазалап, алып отырады.

Шымкент ақпараттық-коммуникациялық орталығы


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақ–қырғыз шекарасындағы өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істеуге көшті
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ ТОҚТАЛДЫ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСУІ МЕН МӘДЕНИЕТТІ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫН АТАП ӨТТІ
  • ПРЕЗИДЕНТ ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙДА СЫР ӨҢІРІНІҢ ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ДАМУЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ
  • Мемлекет басшысы Вице-президент лауазымын енгізуді ұсынды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер