Шымкент: Шілде айында 42500 теңгені 100 мыңнан астам азамат алды

Screenshot_7.jpg

Шымкент қаласында карантин кезіндегі шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылған 100 504 азаматқа шілде айына 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем берілді. Ал, қала бойынша 105 821 тұрғыннан өтініш келіп түскен. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Ж.Утебаева ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлім етті.

Әлеуметтік төлемді кімдер және қалай алуға болатыны туралы түсіндіріп өткен сала маманы бүгінгі таңда өтініш беру жеңілдеп, төлем алу тәртібі өзгергенін айтты.

«Өтінімдерді egov.kz – веб-порталы, 42500.enbek.kz порталы, telegram-bot-тар, Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы және де екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы беруге болады. Біржолғы төлем жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлерге, жеке кәсіпкерлерге, жеке практикамен айналысатын адамдарға, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс табатын жеке тұлғаларға, бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға берілетін болады»,-деді Ж.Утебаева.

Сонымен бірге, жалдамалы жұмысшы, жеке кәсіпкерлер, соның ішінде БЖТ-ны тұрақты төлеушілер (ай сайын) болып табылатын мүгедектер, студенттер, егер олар шектеулерге байланысты табыстарынан айрылса, біржолғы төлем алуға құқылы.

Айта кетейік, өтініштер 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданады. Төлем шілде айына ғана төленеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Казино в Казахстане - регуляция азартных игр
  • National Geographic Қазақстан туризмі туралы мақала жариялады
  • Жыл басынан бері 40 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген
  • Қазақстан футбол лигасының президенті Рафаэль Гарибян қызметінен кетті
  • «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасын іске асыруға тағы бір оператор қосылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер